Жаңалықтар

АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр

Алматы облысында АИТВ инфекциясын емдеу бойынша үлкен жетістіктерге қол жеткізілді.

 

Бұл туралы «Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының» мамандары өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады. Сондай-ақ, олар Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған онкүндік профилактикалық шаралар туралы ақпарат берді.

Мамандардың айтуынша, антиретровирустық терапияның (АРТ) негізгі мақсаты – вирустың қан құрамында азаюын қамтамасыз етіп, иммундық жүйені қалпына келтіру.

“АРТ-тың тиімділігі адамдарға қалыпты өмір сүруге мүмкіндік береді. Вирус жүктемесінің анықталмауы олардың жақындарына қауіп төндірмейтінін көрсетеді,” – дейді орталықтың профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Ляззат Абдукаримова.

Жыл басынан бері облыста АИТВ инфекциясының 247 жаңа жағдайы тіркелген. Жұқтырудың негізгі жолы – жыныстық қатынас, ал ең көп таралуы 30-49 жас аралығындағы азаматтар арасында байқалады. Қазіргі таңда облыста 2 536 адам диспансерлік есепте тұр. Оның ішінде 2 435 адам антиретровирустық терапия қабылдап жатыр, емдеудің тиімділігі 91%-ды құрайды.

“АРТ-ты қабылдайтын науқастардың вирус жүктемесі анықталмайды. Соның арқасында соңғы екі жылда анадан балаға АИТВ жұғу жағдайлары тіркелмеді,” – деп атап өтті орталықтың емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі Светлана Мельман.

Сонымен қатар, Алматы мен Қонаев қалаларында ашылған Достық кабинеттері ерекше маңызға ие. Бұл кабинеттерде негізгі топтар арасында жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды диагностикалау және емдеу жүргізіледі. Жыл басынан бері бұл кабинеттерге шамамен 1 000 адам жүгінген.
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында облыста бірқатар шаралар өтеді. Қараша айының соңына дейін Қонаев, Талғар, Іле аудандарында ашық есік күндері, мектептер мен колледждерде білім беру шаралары, сондай-ақ волейбол турнирлері мен мәдени флешмобтар ұйымдастырылады.

АИТВ тестілеуін қайда өтуге болады?
АИТВ туралы көбірек білу және тегін тест тапсыру үшін облыстың келесі мекемелеріне жүгінуге болады:
Қонаев қаласы: 20 қараша, қалалық емханаларда ашық есік күндері өтеді;
іле ауданы: 29 қарашада аудандық медициналық ұйымдарда;
Талғар ауданы: 21 қараша, медициналық орталықтар мен серіктес ұйымдарда;
Еңбекшіқазақ ауданы: 25 қараша, колледждер мен арнайы ашық іс-шараларда.Сонымен қатар, АИТВ тестілеуін Алматы мен Қонаев қалаларындағы Достық кабинеттерінде өтуге болады.

Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні атап өтіледі.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Жетісу облысында қаржы пирамидаларына қарсы күрес күшейтілді

Жетісу облысында қаржы пирамидаларына қарсы күрес аясында өткен жылы заңсыз қызмет атқарған төрт қаржы пирамидасының әрекеті әшкереленді. Бұл туралы Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Еркін Тюмелиев мәлімдеді. Қаржы
Жаңалықтар

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға өрт қауіпсіздігін сақтауды ескертеді

  Алматы облысында өрт оқиғаларының басым бөлігі жеке тұрғын үйлерде орын алатыны анықталды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Самат
Жаңалықтар

Алматыда ортопедия және травматология бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференция табысты өтті

7-8 қарашада Алматыда «Қолданбалы ғылымдағы заманауи жетістіктер: биомеханикалық зерттеулерден клиникалық сынақтарға дейін» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға Қазақстан, Түркия, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Жапония, Қытай, Польша, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан,
Жаңалықтар

Алматы облысында «Жайлы мектеп» жобасы қарқын алуда

Алматы облысында оқушыларға қолайлы әрі заманауи білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында мәлім болғандай, қазіргі таңда
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *