Жаңалықтар

Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады

Коммуналдық қызметтерге қатысты өтінімдер мен шағымдарды енді «109» бірыңғай байланыс орталығы қабылдайды. Жыл басында ғана жұмысын бастаған орталық тұрғындардың арыз-шағымдарын тиісті мекемелерге жолдап, бұқара мен жергілікті атқарушы органдар арасында алтын көпір орнатып отыр.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингке қатысқан, «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ директорының орынбасары Жәнібек Серікұлы мен «109» бірыңғай байланыс орталығының басшысы Бақтияр Бақытұлы, жоба — халықтың күнделікті мәселелерін жедел шешуге бағытталған дейді.

Бірегей бастама, облыстық цифрлық технологиялар басқармасының бастамасымен және облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асқан жайы бар.
Мамандардың айтуынша, тұрғындар орталыққа ашық құдықтар, жылу жүйесіндегі ақаулар, электр жарығының үзілуі, қаңғыбас иттер, аула абаттандыру сынды мәселелер бойынша жиі жүгінеді. Сонымен қатар, балаларды балабақшаға тіркеу, жол жөндеу және көшелерді жарықтандыру секілді сұрақтар да қарастырылуда.

«Орталық биылғы жылдың 11 ақпанында жұмысын бастады. Алғашқыда өтініштер тек Қонаев қаласы мен Талғар ауданы бойынша қабылданды. 1 қарашадан бастап, облыстың барлық аудандарын қамтыдық», – деді Жәнібек Серікұлы.

Оның айтуынша, орталыққа осы уақытқа дейін 12 259 өтініш түскен, оның ішінде 12 090 өтініш уақтылы орындалған. Қалған 169 өтініш құзырлы мекемелердің қарауында. Қазіргі таңда байланыс орталығына күніне 50-70 өтініш келіп түседі. Тұрғындардың мәселелері 3 күн ішінде немесе оның күрделілігіне қарай 15 күнге дейін шешіледі.

Өтініштер бірнеше байланыс құралдары арқылы қабылданады:
• Instagram: @109konaevkz
• WhatsApp: 8 771 7 109 109
• Telegram чат-бот: https://t.me/konaevhelp

Еске саламыз, «109» байланыс орталығы тәулік бойы, демалыссыз жұмыс істейді.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Алматы облысында ауыл шаруашылығы техникасы паркі 6,5%-ға жаңартылады

Алматы облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері көктемгі егіс жұмыстарына белсенді түрде кірісті. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 12,9 мың гектарға ұлғайтылып 436,8 мың гектарға жеткізу жоспарда бар.  Бұл
Жаңалықтар

Алматы облысының аумағында «Крещение Господне» православтық мерекесіне 16 ойық әзірленді

Қаңтардың 18-нен 19-на қараған түнінде православ қауымы «Крещения Господне» мейрамын атап өтеді. Алматы облысы аумағында 16 суға түсу орындары әзірленді.Бұл туралы баспасөз мәслихатында Алматы облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері
Жаңалықтар

Қарғалыда «Кедергісіз келешек» жобасы аясында 15 маңызды іс-шара өтті

Қарғалы ауылында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау мақсатында «Кедергісіз келешек» жобасы жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Басты мақсат – ауылдағы 743 мүмкіндігі шектеулі азамат пен 25-тен астам ерекше баланың өмір сапасын
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *