Жаңалықтар

«AMANAT» партиясы Жібек жолы ауылында кептеліс пен қауіпті өткел мәселесін шешті

Қарасай ауданында жаңа айналма жол айрығы салынды. Бұл жоба Қарасай ауданының тұрғыны Зулхар Кулматанбетовтің өтініші негізінде қолға алынған болатын.

Зулхар Кулматанбетов бұл мәселені Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен өткен «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында көтерді. Тұрғынның өтінішін тыңдаған өңір басшысы мәселені шешуді назарға алатынын айтып, тиісті тапсырмалар берді.

Нәтижесінде, Жібек жолы ауылдық округінде айналма жол айрығы салынып, көптен күткен мәселе оң шешімін тапты. Ұзындығы 6 шақырымды құрайтын, төрт жолақты бұл автожол республикалық маңызы бар «Шамалған бекетін айналып өтіп, РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы» бағытындағы көлік инфрақұрылымын жаңарту жобасы аясында жүзеге асырылды. Айналма жол айрығы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының ықпалымен, Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында іске қосылды.

«Бұрын бұл өткелде көліктер ұзын-сонар кезекте тұрып, сағаттап күтуге мәжбүр болатынбыз. Енді айналма жолдың арқасында уақыт үнемделіп, қозғалыс қауіпсіздігі де артты. Біз үшін өте маңызды мәселенің осылай жылдам шешімін тапқанына ризамыз. Бұл үшін облыс басшылығы мен «AMANAT» партиясына алғысымыз шексіз», – деді Зулхар Кулматанбетов.

Айта кету керек, бұл жоба арқылы «Орталық-Оңтүстік» бағыты бойынша Астана-Қарағанды, Балқаш-Алматы арасындағы тас жолдарды жалғап, көлік қозғалысын жеңілдету көзделген. Жолдың салынуы тоғыз жолдың торабы саналатын Жібек жолы ауылындағы кептелістерді жойып, қауіпсіз әрі ыңғайлы қозғалысты қамтамасыз етті.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Алматы облысында екі балдық жер сілкінісі болды

Қазақстандық сейсмологтар Алматы облысының тұрғындарына сезілген жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  2024 жылдың 2 қарашасында ҚР ТЖМ сейсмикалық станциялар желісі Қырғызстан мен Қытай шекарасында, Алматыдан 258 шақырым жерде болған
Жаңалықтар

Жетісуда бәсекелестік пен тұтынушылар құқықтарын қорғауда нақты нәтижелерге қол жеткізілді

Жетісу облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті өңірдегі бәсекелестік ортаны дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша бірқатар маңызды нәтижелерге қол жеткізді. Бұл туралы Жетісу облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің
Жаңалықтар

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы «16 күн» науқаны басталды

  «16 күндік белсенділік» атты екі аптаға жалғасатын науқанның басты мақсаты- тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. Іс-шара 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтеді. Сандарды сөйлетсек, жаға ұстатарлық. Жыл басынан 3943
Жаңалықтар

Жетісу облысында өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық басталды

2025 жылғы өрт қауіпті маусымға байланысты Жетісу облысының аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу мен жою тәуекелдерін төмендету бойынша кезең-кезеңімен іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Облыста жағдайды бақылау үшін 3
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *