Жаңалықтар

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы «16 күн» науқаны басталды

 

«16 күндік белсенділік» атты екі аптаға жалғасатын науқанның басты мақсаты- тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. Іс-шара 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтеді.
Сандарды сөйлетсек, жаға ұстатарлық. Жыл басынан 3943 қылмыс тіркелген. Оның барлығы зорлық-зомбылыққа қатысты. Тек әйелдерді ғана емес кәмелеттік жасқа толмағандарға арам ойын жүзеге асырған жайыттарда анықталған. Қоғамдағы түйіткіл билік назарында. Бүгінде заңда күшейтілді.
Енді, зорлық-зомбылық құрбандарына барлығы араша түсе алады.

«Енді тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты іс қозғау үшін жәбірленушінің арызының болуы міндетті емес. Бұл қадам зорлық-зомбылықты ертерек анықтап, құрбандарға уақытылы көмек көрсетуге мүмкіндік береді», – дейді Алматы облысының әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының хатшысы Нұрхан Абдрахманов.

Ана мен баланы, жалпы адамзатты өзгенің азғын әрекеттерінен қорғау үшін құқық қорғау органдары белсене қызмет атқаруда. Қонаев қалалық полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Гүлмира Таныбергенқызының айтуынша, полиция қызметкерлері дағдарыс орталықтарымен бірлесе жұмыс істейді. Олар әрбір зардап шеккен жанды тағдыр тәлкегіне тастамайды.
Облыста төрт дағдарыс орталығы жұмыс істейді, олар арқылы биылғы жылы 212 адам, оның ішінде 53 әйел және 159 бала көмек алды.
«Зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге тек физикалық көмек емес, психологиялық тұрғыдан да қолдау қажет. Біз олардың қоғамға қайта оралуы үшін барлық жағдайды жасап, қалпына келуіне көмектесеміз», –дейді психолог Жанар Нүсүпбайқызы.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Кегенде МӘМС есебінен 12 млн теңгеге науқас балалар оңалтудан өтті

Жыл басынан Кегендегі аудандық ауруханасына қарасты оңалту орталығында 12 млн теңгеге жуық қаржыға 60-қа тарта бала тегін емдеуден өтті. Мұндай мүмкіндік денсаулығында кінәраты бар жеткіншектерге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі
Жаңалықтар

Жетісу облысында мал ұрлығының алдын алу бойынша бірлескен іс-шаралар жұмыстары жүргізілуде

Жетісу облысында жыл басынан мал ұрлаудың 80 фактісі тіркелді. Оның ішінде полиция қызметкерлерімен 46 қылмыс ашылып, ұрлыққа қатысы бар 25 күдікті тұлғаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Бұл туралы Б.Құранбек
Жаңалықтар

Алматы облысының тұрғындары тұмауға қарсы вакцина алды

  Алматы облысында тұмау мен ЖРВИ-дің таралуы ерекше бақылауға алынды. Облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаиловтың айтуынша, қыркүйек айынан бері 60 мыңнан астам адам медициналық көмекке жүгінген, олардың 63%-ы
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *