Жаңалықтар

Қонаев қалалық соты жыл басынан 3800-ден астам істі қарады

 

Қонаев қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жыл басына 3800-ден астам іс түсті. Олардың басым бөлігі жол-көлік оқиғаларына қатысты .
Бұл туралы сот төрағасы Әлинасыр Қадыров Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Сотқа түскен істердің 3570-і қаралып, 2370 іс бойынша жалпы сомасы 322 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған. Бұл соманың жартысынан көбі мемлекет қазынасына төленді. Жол-көлік оқиғалары бойынша 1619 іс тіркеліп, 1561 адам айыппұл арқаласа, 18 азамат көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Отбасылық-тұрмыстық қатынастар бойынша 540 іс қаралып, 206 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, ұсақ бұзақылық және вандализмге қатысты істерде де әкімшілік жазалар күшейтілгені айтылды

“Қоғамдық тәртіпті сақтау – біздің басты міндетіміз. Осы мақсатта қолданылған шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және заң үстемдігін нығайтуға бағытталған”,-деді Әлинасыр Қадыров.

Брифинг барысында сот төрағасы құқықтық саладағы жаңалықтарды, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстегі өзгерістерді де түсіндіріп өтті

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

2025 жылы МӘМС-ке қанша төлейміз?

Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалатындықтан, МӘМС төлемдерінің көбісі өзгермейді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында дербес төлеушілер мен жеке кәсіпкерлер үшін жарналарды есептеу негізі ретінде ең төменгі жалақыны алатынын
Жаңалықтар

Табиғатқа инвестиция: Есік көлін жаңарту жобасы іске қосылады

Алматы облысы аумағындағы «Есік көлін» жаңарту мақсатында, 2024 жылдың 20 желтоқсанында мемлекеттік тендер өткізіліп нәтижесі бойынша 49 жыл мерзімге «Хабель» ЖШС компаниясына сенімгерлік басқаруға берілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *