Жетісу облысыҚоғам

Жетісуда қар басатын жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары күшейтілді

Жетісу облысында ұзындығы 197 шақырым болатын 12 қар басатын учаске бар. Оның ішінде республикалық маңызы бар автожолдарда – 2, облыстық жолдарда – 10 учаске орналасқан. Жол желісінің бір бөлігі Архарлы және Алтынемел асуы арқылы өтеді.
Қыс мезгілінде жыл сайын 100-ден астам көлік қар құрсауында қалып, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Сол себепті қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайларға ден қою мақсатында 2 трассалық медициналық-құтқару пункті дайындалған. Олар Сарқан» – Алматы-Өскемен трассасының 400-шақырымы, Үшарал – Алматы-Өскемен трассасының 555-шақырымы. Сонымен бірге, 21 стационарлық жылыту пункті дайындалды.
Жолдарды тазалау үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалы 55 техника бірлігін, ал Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 141 техника дайындаған. Қосымша, ТЖ департаментінің жедел әрекет етуге арналған 44 жоғары өтімді техникасы дайындалды.
Айта кетейік, өткен қыс мезгілінде жедел-құтқару жұмыстарына 29 шығу ұйымдастырылды. Нәтижесінде 281 адам құтқарылды, оның ішінде 16 бала және 59 шетелдік азамат бар. Сонымен қатар, 22 адам төтенше жағдайлар аймағынан эвакуацияланды, ал қар құрсауынан 74 техника шығарылды.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Шаг Навстречу Инновациям: Команда учащихся NIS Талдыкорган — Лучшие

Ученики Назарбаев Интеллектуальной школы города Талдыкорган создали инновационный проект «E-Kurultay». Изобретение обещает преобразовать взаимодействие граждан с органами местного самоуправления, предлагая простой и эффективный канал для подачи и обработки заявок по
Жетісу облысы

Жетісу облысында кене энцефалитіне қарсы күрес шаралары өтуде

Жетісу облысының Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан, аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары кене энцефалитінен эндемиялық аймақтарға жатады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Жетісу облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
Жаңалықтар

Жетісуда шамамен 3 мың адам мемлекеттік тілді меңгеруде

2024 жылы облыстық оқу-әдістемелік «Тіл» орталығы қазақ тілін оқыту жұмысын жалғастырды. Орталықта барлығы 4 634 тыңдаушы білім алды, олардың 2 990-ы мемлекеттік тілді меңгерді. Бұл туралы Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік
News

Талдықорғандық қариялар ақ батасын берді

Талдықорғанда дауыс берушілердің белсенділігі өте жақсы. Қариялар келіп,өз баталарын беруде. Солардың қатарында ардагер Балкыбаев Серікбек атамыз да бар. Ол Талдықорған қаласындағы №435 референдум учаскесінде өз таңдауын жасап, ондағы қызмет етіп
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *