Жаңалықтар

Кегенде Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюст ашылды

2024 жылғы 2 желтоқсанда Алматы облысы Кеген ауданының орталығында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюсттің ашылу салтанаты өтті. Бұл шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылды. Сонымен қатар, Кеген ауылындағы балалар өнер мектебіне Заманбек Нұрқаділовтің есімі берілді.
Ескерткіштің ашылу рәсімі Заманбек Нұрқаділов атындағы өнер мектебінің алаңында ұйымдастырылды. Салтанатты шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, танымал тұлғалар мен қайраткердің отбасы мүшелері қатысты. Ескерткіштің ашылуын облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов, қоғам қайраткерлері Тоққожа Естенов пен Болат Нұрғазиев ашып, Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов бюстің ашылу рәсімін орындады.
Облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде қайраткердің ел дамуына қосқан зор үлесін атап өтіп, оның еңбегінің ұлт тарихында мәңгі сақталатынын жеткізді:
«Бұл ескерткіш – халқымыздың қайраткерге деген шынайы құрметінің белгісі. Ұлт жанашыры ретінде Заманбек Нұрқаділов ел егемендігінің нығаюына елеулі үлес қосты. Осындай тұлғалардың еңбегін ұрпаққа мұра ету – біздің ортақ парызымыз. Сондай-ақ, биіктігі 4,5 метр болатын бұл туындының авторлары Айдос Бүркітбаев пен Тимур Нұрмұхаметовке алғысымызды білдіреміз».
Салтанатты рәсімнен кейін қатысушыларға Заманбек Нұрқаділовтің өмірі мен қызметі туралы «Не только о себе» атты кітаптың 300 данасы таратылды.
Кегендегі балалар өнер мектебі
2015 жылы құрылған Кеген ауылындағы балалар өнер мектебі балаларға домбыра, қобыз, баян, дәстүрлі ән, эстрада-вокал, хореография, бейнелеу, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер бағыттары бойынша білім береді. Бүгінгі таңда мектепте 44 педагогтың басшылығымен 890 оқушы білім алуда.
Мектептің бөлімшелері аудандағы 12 елді мекенде орналасқан, бұл балаларға қосымша білім алуға мүмкіндік береді. Оқушылардың жетістіктері айтарлықтай: халықаралық байқауларда – 38, республикалық деңгейде – 176, облыстық сайыстарда – 158, аудандық жарыстарда – 82 жүлделі орындарға ие болды.
Мектептің дамуы мен жетістіктері арқылы Кеген өңірінде мәдениет пен өнерді насихаттау жұмыстары жоғары деңгейде жүзеге асырылуда.
Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

МӘМС арқылы қажетті дәрі-дәрмектерді қалай алуға болады?

Бұл сұраққа "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы облыстық филиалының өкілдері жауап берді. Тегін дәрі-дәрмек белгілі бір аурулар кезінде беріледі. (Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар жекелеген санаттағы азаматтарын
Жаңалықтар

Сауда саласының дамуы және тұтынушылар құқықтарының қорғалуы талқыланды

Жетісу облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында ҚР СИМ Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Айдос Дауешев департаменттің 2024 жылдың қорытындысы мен әлеуметтік зерттеу нәтижелері туралы
Жаңалықтар

Жаңа жыл қарсаңындағы өрт қауіпсіздігі пысықталды

Жаңа жыл қарсаңында облыста мерекелік іс-шараларға қатысатын нысандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. 428 нысан есепке алынды. 428 комиссиялық тексеріс жүргізіліп, анықталған 132 өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзушылықтары
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *