ЖаңалықтарЖетісу облысы

Жетісу облысында 200-ден аса нашақор есепте тұр

Жыл басынан бері Жетісу облысында есірткі заттарының заңсыз айналымымен байланысты 145 құқық бұзушылық тіркелді

Оның 72-сі есірткі қылмысы ретінде жіктелген, оның ішінде 43 сату фактісі және аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтаудың 12 фактісі бар. Өткен жылмен салыстырғанда есірткі қылмыстарының саны 23%-ға төмендеп, 72 жағдайға жетті. Бұл туралы облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Эмиль Шарменов мәлімдеді.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде 692 кг есірткі тәркіленді. Оның 235 келісі марихуана, 66 келі синтетикалық есірткі және 385 келі қарасора. Екі есірткі лабораториясы таратылып, 14 адам, оның ішінде 5 кәмелетке толмағандар ұсталды. Тергеу қорытындысы бойынша сотқа 93 қылмыстық іс жіберіліп, 78 адам сотталды.

Атап өтейік, облыс бойынша есепте 230 нашақор тұр, олардың басым көпшілігі 18-29 жас аралығындағы жастар. Бір жыл ішінде ста-ционарлық емдеуден 68 пациент өтті, олардың 65-і ерікті түрде жүгінген.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында жастар және отбасы саясаты дамуда

Жетісу облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты аясында жастар бастамаларын қолдауға 10 грант бөлінді. Бағыттары: ғылым, мәдениет, IT, бизнес және медиа. Өңірде отбасылық саясат белсенді түрде дамуда. Қыркүйек айында Отбасы күніне арналған
Жетісу облысы

Теміржолшылар әулеті өз таңдауын жасады

Теміржолшылардың үш буыны қалыптасқан әулет өздерінің таңдауларын жасады. Бұл отбасы бірде-бір осындай маңызды күнді қалыс қалдырған емес. Отағасы Данияр Балаубеков атап өткендей, бұл күн ел ертең үшін маңызды күн. «Біздің
News

Мемлекеттік қызметшілер династиясы дауыс берді

Жанама ауылы №54 дауыс беру учаскесінде мемлекеттік қызметшілер династиясы Мұхаметқалиевтар әулеті отбасымен келіп дауыс берді. Әулеттің үлкені Оспан Мұхаметқалиев референдумға отбасымен қатысатынын айттты. «Біз әр референдумда отбасымызбен келіп дауыс беруді
News

Қаратал ауданында туған күн иелері дауыс берді

Бүгін 61 жасқа толып жатқан Қаратал ауданы, Бәйшегір ауылының тұрғыны Сатай Серікбол Республикалық Референдумға өзінің сайлау учаскесіне келіп таңдауын жасады. Туған күн иесі бұған дейін бірнеше сайлауға қатысқан, бірақ бұл
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *