Жаңалықтар

Алматы облысының белсенді жастары коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай ұсынды

Аманаттықтар Тәуелсіздік күніне орай ерекше акция ұйымдастырды

AMANAT партиясының жас белсенділері орай «Кел, шай ішейік!» акциясын ұйымдастырды. Олар аязда таңнан кешке дейін көшелерді қардан тазартып жүрген коммуналдық қызметкерлерге ыстық шәй ұсынды.

«Жастар рухы» жастар қанаты таңертеңнен қала ішін аралап, білек сыбана жұмыс істеп жасап жатқан қызметкерлерге тіскебасар ұсынып, шайға шақырды. Одан бөлек, жұмыс тоқтап қалмас үшін қолдарына күрек алып, жол жиектеріндегі қарды тазалап, жаяужолдарды мұздан тазартуға көмектесті.

«Рухтастармен «Кел, шәй ішейік!» акциясын өткіздік. Акция аясында біз коммуналдық қызмет жұмыскерлеріне тәтті тоқаш пен ыстық шай тараттық. Күнделікті тазартылған жолдармен адамдар жүріп коммуналдық қызмет жұмыскерлерінің еңбегін байқамайды. Акцияның мақсаты коммуналдық қызмет жұмыскерлеріне алғысымызды білдіріп, көңілдерін көтеру. Олар бізге таза қала түріндегі әдемі көріністі ұсыну үшін және сағат 6-да ауысымға шығу үшін, таңғы сағат 4-те оянып, қатарда тұрады», – дейді «Жастар Рухы» ЖҚ-ның Алматы облыстық филиалының төрағасы Медет Бекбергенов.

Қатысушылар үшін шараның ең керемет кезі қызметкерлердің күтпеген жерден пайда болған бізге шынайы күлкі сыйлап, алғыстарын жаудырған сәті дейді. Арасында батасын беріп, күнделікті кездесетін қиындықтарымен бөлісетіндері де аз емес екен.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

«Құқықтық көмек»: Алматы облысы тұрғындарына тұрғындарына арналған тегін заң кеңестері

«AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасын белсенді іске асыру Алматы облысында жалғасуда. Кез келген адам өтеусіз негізде заң мамандарынан кеңес ала алады. Аталған жоба қоғамда құқықтық мәдениетті арттыру бойынша жүйелі жұмысты
Жаңалықтар

Алматы облысында жүк көліктерінің салмағын өлшейтін станция қойылады

  Жолдың жағдайын ретке келтіру мемлекеттік саясаттық басым бағыттарының бірі. Бүгінгі күнге Алматы облысындағы жолдың 93 пайызы қанағаттандырарлық жағдайда. Жыл сайын жол құрылысына және оны күтіп ұстауға қазынадан қаржы бөлінеді.
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *