Жаңалықтар

AMANAT: Еңбекшіқазақ ауданында 57 шақырым жол жөнделді

Еңбекшіқазақ ауданында «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша брифинг өтті

Еңбекшіқазақ ауданында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы шеңберінде атқарылған жұмыстар туралы аудандық филиал төрағасы Бағдат Рахимов есеп берді. Брифингте жолдарды жөндеу, ауыз су мәселесін шешу, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы нақты жетістіктер талқыланды.

Бағдат Рахимов жол инфрақұрылымын жақсарту партияның басты басымдықтарының бірі екенін айтты.

Оның сөзінше, биыл 18 ауылда 57 шақырым ішкі жолдарға орташа жөндеу жүргізілді, ал 8 елді мекенде 60 шақырым жол ағымдағы жөндеуден өтті.

«Сапалы жолдар – аудан тұрғындарының күнделікті өміріне тікелей әсер ететін маңызды фактор. Бұл жұмыстар ауылдарды аудан орталықтарымен, мектептермен және медициналық мекемелермен байланыстыруды жеңілдетті. Келесі жылы бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі кеңейтіп, көбірек ауылдарды қамтуды жоспарлап отырмыз», – деді филиал төрағилиал төрағасы.

Ауыз су мәселесі де партияның ерекше назарында. Биыл Бәйдібек би, Нұра, Ащыбұлақ және Қазақстан ауылдары таза ауыз суға қосылды. Аудан бойынша 108 шақырым су құбыры желілері жаңартылып, мыңдаған тұрғынның сапалы суға қол жеткізуі қамтамасыз етілді.

«Таза ауыз су – әр отбасының негізгі қажеттілігі. Биыл ғана төрт ауылда ауыз су сапасы жақсарды. Ал келесі жылдың соңына дейін тағы сегіз ауылды осы жүйеге қосып, су мәселесін түбегейлі шешуді мақсат етіп отырмыз», – деді ол.

Денсаулық сақтау саласында да маңызды қадамдар жасалды. Қызылшарық пен Тескенсу ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар салынып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Балтабай ауылындағы амбулатория күрделі жөндеуден өтті.

«Ауыл тұрғындары сапалы медициналық қызметке қол жеткізуде қиындық көрмеуі керек. Жаңа амбулаториялар шалғай ауылдардағы халыққа дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік беріп отыр. Медициналық инфрақұрылымды нығайту – біз үшін басты міндеттердің бірі», – деді Бағдат Рахимов.

Білім беру саласында да айтарлықтай жетістіктер бар. Биыл үш жаңа мектеп ашылып, бір мектеп күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында төрт ауылда жаңа білім ошақтарының құрылысы жүріп жатыр.

«Жаңа мектептер ауыл балаларының сапалы білім алуына жағдай жасайды. Бұл білім беру инфрақұрылымын нығайтып, балалардың заманауи білім алуға қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Біз үшін бұл – болашаққа салынған инвестиция», – деді ол.

Айта кету керек, ауданда «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының 2024 жылға жоспарланған 32 іс-шарасының 24-і, яғни 75 пайызы толық орындалған. Қалған 8 іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Тіркелмеген мопедтерді жүргізуші куәлігінсіз пайдалану және басқару тыйым салынады

2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер механикалық көлік құралдарына теңестірілетін заңнамалық өзгерістер күшіне енеді. Аталған күннен бастап мопедтерді пайдалану тек оларды полицияда тіркеуден өткізіп, А1, А немесе В санатындағы жүргізуші
Жаңалықтар

Бірлік пен келісімге 30 жыл: Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-шаралар жоспары талқыланды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары таныстырылды. Бұл туралы «Қоғамдық Келісім» КММ басшысы Еркебұлан Ақболатов мәлімдеді. Мерейтойлық жылды мерекелеу 1 наурызында, яғни, Қазақстан халқы Ассамблеясының
Жаңалықтар

20 мемлекеттік қызметшінің құқығы қайта қалпына келтірілді

2024 жылы Жетісу облысы бойынша мемлекеттік органдармен 7 млн-ға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілген. Бұл ретте 70%-ы жергілікті атқарушы органдарымен, 30%-ы орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерімен көрсетілді. ҚР Мемлекеттік қызмет істері
Жаңалықтар

Алматы облысында отандық өндіріс өркендеп тұр

Еліміз бойынша ең іргелі жарық шамдарын шығаратын «Kaz Tek Invest» зауыты Жамбыл ауданында кереге жайған. Құрылғанына 13 жылдың жүзі болған өндіріс ошағында 150-ден астам қызметкер жұмыс жасайды. Көпті тұрақты жұмыспен
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *