Жаңалықтар

Алматы облысында 59 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Биыл өңірде 47 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

Алматы облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы халықты жұмыспен қамту бойынша белсенді шараларды жалғастыруда. Бұл туралы басқарма баспасөз қызметі мәлімдеді.

«2024 жылғы 25 желтоқсандағы жағдай бойынша облыста 47,7 мың адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. Оның ішінде 35,9 мың азамат жұмысқа орналастырылды», – деп хабарлады басқарманың баспасөз хатшысы Меруерт Қыдырбайқызы.

Сонымен қатар, тұрақты жұмысқа орналастырылғандардың саны – 24,1 мың адам. Субсидияланатын жұмыс орындарына 11,8 мың азамат тартылды. Олардың ішінде:

  • әлеуметтік жұмыс орындарына – 601 адам;
  • жастар практикасына – 972 адам;
  • қоғамдық жұмыстарға – 8162 адам;
  • «Бірінші жұмыс орны» жобасы бойынша – 580 адам;
  • «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша – 40 адам;
  • «Күміс жас» жобасы аясында – 1444 адам.

Бұдан бөлек, қысқа мерзімді оқыту бағдарламалары арқылы 624 жұмыссыз азамат білім алды. Оның 371-і оқуын аяқтап, 315 адам жұмысқа орналасты.

«Skills Enbek платформасында еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 3118 адам онлайн-оқытудан өтті. Ал «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне 2953 азамат оқытылды», – деді Меруерт Қыдырбайқызы.

Жаңа бизнес бастамаларды қолдау мақсатында 2024 жылы халықтың әлеуметтік осал топтарына 260 грант берілді. Әр гранттың көлемі 400 АЕК-ке дейін жетті.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Қапшағайда жаңа жағалау ашылды

Қапшағай су қоймасының жағалауы көп жылдар бойы назардан тыс қалып келген еді. Енді бұл аумақ мүлде жаңа кейіпке енді: балалар және спорт алаңдары, субұрқақтар, суға түсуге арналған ыңғайлы баспалдақтар, орындықтар
Жаңалықтар

Жетісуда мереке күндері қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етілді

Жаңа жыл мерекелері кезінде Жетісу облысы аумағында 6 өрт оқиғасы, 1 улы газбен улану жағдайы және 1 авариялық-құтқару операциясы тіркелді. Құтқару операциясы барысында 11 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды.
Жаңалықтар

Жетісуда шамамен 3 мың адам мемлекеттік тілді меңгеруде

2024 жылы облыстық оқу-әдістемелік «Тіл» орталығы қазақ тілін оқыту жұмысын жалғастырды. Орталықта барлығы 4 634 тыңдаушы білім алды, олардың 2 990-ы мемлекеттік тілді меңгерді. Бұл туралы Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *