Жетісу облысыӨңірлер

Коммуналдық қызметтердің қолжетімділігі мен экономикалық тиімділігі басты назарда

Жыл басынан Жетісу облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментіне тарифтерді өзгертуге 69 өтінім келіп түсті, оның ішінде 15 өтінім түрлі себептермен қайтарылды. Сонымен қатар 5 инвестициялық бағдарлама бекітілді, оның ішінде «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы шеңберінде «ТАТЭК» бойынша 1 өтінім қаралды.
Тарифтердің өсуіне байланысты осал топтарды қолдау мақсатында тұрғын үй көмегі механизмдері жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырылды. Сонымен қатар, электр энергиясын бөлшек саудада өткізу бойынша «ЖетісуЭнерготрейд» ЖШС шекті тарифтерінің төмендеуі 2024 жылдың 1 маусымынан бастап бекітіліп, 1 кВт/сағ үшін орташа тариф 31,28 теңге болып белгіленді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында коммуналдық секторды дамыту және ресурстарды үнемдеу мәдениетін арттыру мақсатында бірқатар реформалар жүзеге асырылды. «Көп тұтынсаң – көп төлейсің» қағидаты бойынша әлеуметтік нормалар енгізіліп, тұтынудың нақты лимиттерін бекіту шаралары қолға алынды.
2024 жылы Департамент қабылдаған шешімдердің жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында 40 жария тыңдау өткізілді. 75 тарифтік смета және 12 инвестициялық бағдарлама орындалуы туралы есептер талданып, жалпы сомасы 67,16 млн теңге көлемінде негізсіз алынған табыстар анықталды.
Департамент халық пен табиғи монополия субъектілерінің мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ете отырып, реттелетін қызметтердің сапасын арттыруды көздейді. Бұл ретте коммуналдық қызметтердің қолжетімділігі және олардың экономикалық тиімділігі басты назарда.

Shares:

Related Posts

News

ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ЛЕБІ

Бүгін Қазақстанның саяси үдеріс көшіне ілескеніне куә болып отырмыз. Елімізде жалпыұлттық референдум өтіп жатыр. Бұл референдумды Қазақстанның демократиялық даму жолындағы маңызды қадам деп қабылдауға әбден болады. Бүгін біз Президентіміздің айқындаған
Жетісу облысы

Жетісу облысында Коммуналдық қызметтерге тарифтер қалай өзгерді?

Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасын іске асыруды жалғастыруға байланысты 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап тарифтердің бағасы өзгерді. Мәселен, «Талдықорғанжылусервис» МКК-ның кәсіпорын бойынша орташа тарифі 12 891,88 теңге/Гкал ҚҚС есебіне жетті. «ТАТЭК»
Жетісу облысы

Наурыз мейрамы мен Қасиетті Рамазан айына арналған санитарлық-эпидемиологиялық шаралар

Наурыз мейрамы мен Рамазан айының басталуына байланысты Жетісу облысында тамақтан улануды қоса алғанда, ықтимал аурулардың алдын алу үшін санитарлық-эпидемиологиялық шаралар қабылданды. Облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Самат Ахметов осы
News

Өрттің 65 пайызы жылыту маусымында орын алады

Жетісу облысында жылыту маусымы басталғалы 16 өрт оқиғасы орын алған. Өңірде 2024-2025 жылға жылыту маусымына орай жеке тұрғын үй секторында өрттің алдын алу жоспары әзірленіп, бекітілді. Өткен жылғы жылыту кезеңінің
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *