ЖаңалықтарЖетісу облысы

Текелі қаласы белсенді дамуын жалғастыруда

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Текелі қаласының жұмыс нәтижелері жарияланып, негізгі жетістіктер мен болашақ жоспарлар талқыланды.
Текелі қаласының өнеркәсіптік өнімінің көлемі 26,2 млрд теңгеге жетті. Қала экономикасына 12,3 млрд теңге инвестиция тартылып, түрлі жобаларды іске асыруға мүмкіндік берді.
Құрылыс саласында есепті кезеңде жалпы сомасы 8,6 млрд теңгеге жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, әлеуметтік осал топтар үшін 40 пәтерлік жалдамалы үй пайдалануға берілді. Сондай-ақ, 40 пәтерлік кредиттік үйдің құрылысы аяқталып, ол «Отбасы банк» арқылы сатылатын болады.
Жыл басынан әлеуметтік осал азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін қаражат бөлініп, 20 жеке үйдің құрылысын аяқтауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, 60 пәтерлік үйдің құрылысы басталды, ол 2025 жылы пайдалануға беріледі.
Қала су жабдықтау жүйесі жаңартылуда. Су құбырлары 86% тозғандықтан, оларды ауыстыру қажеттілігі туындауда. 2024 жылы «Қора» сүзгі станциясының жөндеу жұмыстары басталды, бұл қала тұрғындарына сапалы ауыз су беруді жақсартуға бағытталған.
2025 жылы Текелі қаласының магистральды су құбырлары желілерін реконструкциялау жұмыстары жалғасады, жоба бойынша 26,1 км желі жаңартылатын болады.
30 мыңнан астам тұрғыны бар қаланы газдандыру жұмыстары жалғасуда. «Алия-Сервис» мердігер ұйымы газ тарату желілерін салып жатыр. Жоба бойынша жалпы ұзындығы 194,2 км газ құбыры салынуда, қазіргі уақытта 152,2 км газ құбыры тұрғызылды.
2024 жылы шамамен 2 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматты белсенді жұмыспен қамту шараларына тартылды. Сонымен қатар әкім өз сөзінде 100 бос жұмыс орны бар екенін атап өтті.
Денсаулық сақтау саласында биыл «Металлург» ықшам ауданында блочно-модульді медициналық пункт пайдалануға берілді. Ал 2025 жылы жедел жәрдем станциясы үшін блочно-модульді құрылыс салу жоспарлануда, оған 90 млн теңге бөлінді.
Осылайша, моноқала әртүрлі салаларда, соның ішінде құрылыс, абаттандыру, энергетика және әлеуметтік инфрақұрылым салаларында белсенді дамуын жалғастыруда.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат төрағасы қоғамдық қабылдау өткізді

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат төрағасы Ахметов Бекет Төлегенұлы «AMANAT» партиясының аудандық филиалында аудан тұрғындарының арыз-өтініштері бойынша кезекті қоғамдық қабылдауын өткізді. Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй кезегіне тұру, жер телімін алу, инфрақұрылым,
Жетісу облысы

«Томирис» көшбасшы әйелдерге арналған жоба іске асырылмақ

«Томирис» көшбасшы әйелдерге арналған жоба жүзеге асырылады. Ол қатысушылардың өз бастамаларын ілгетілетуге, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған. Байқауға қатысушылар өтінімі 22 шілде мен 16 тамыз аралығында электронды нұсқада қабылданады. Бұл туралы
Жетісу облысы

Жетісу облысында жыл басынан 5 мыңнан астам ит ауланды

Биыл Жетісу облысында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңға сәйкес 5 бюджеттік бағдарламаны іске асыру үшін 178 млн.теңге қаражат бөлінді. Оның 98,6 млн. теңге сомасына қаңғыбас жануарларды аулау, жансыздандыру, вакцинациялау, стерильдеу
Жетісу облысы

КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ДАУЫС БЕРДІ

Бүгінгі референдумнан көпбалалы аналар да қалыс қалған жоқ. Күнделікті отбасылық қарбаластарға қарамастан  көпбалалы аналар  жақын маңдағы сайлау учаскесіне келіп өз таңдауларын жасады. – Біз бүгін балаларымыздың жарқын болашағы үшін, бейбітшілік
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *