ЖаңалықтарЖетісу облысы

Жетісу облысының қысқы туризмі таныстырылды

Жетісу облысында ерекше қысқы мүмкіндіктерді көрсетуге арналған ақпараттық пресс-тур ұйымдастырылды. Іс-шараға  БАҚ  өкілдері, блогерлер, туроператорлар мен турбизнес өкілдері қатысты.
Ақпараттық тур аясында қатысушылар Текелі қаласы мен Ескелді ауданының қысқы туризмдегі бірегей мүмкіндіктерімен танысты. Туристерге «Тау Жетісу» демалыс базасы ұсынылды. Бұл жерде шаңғы, сноуборд тебу, парапланмен ұшу, тюбингпен сырғанау сынды белсенді демалыс түрлері қарастырылған. Сонымен қатар, қар басқан табиғаттың сұлулығын сезіну үшін экотуризм бағыттары мен мәдени іс-шаралар өтті.
Іс-шара қысқы туризмге жаңа серпін беріп, туристік нысандар арасындағы серіктестікті нығайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қонақ үйлер мен демалыс орындарының қызмет сапасы тексеріліп, жоғары деңгейдегі сервис ұсыну үшін арнайы ұсыныстар берілді.
Пресс-турдың басты мақсаты – Жетісу облысының қысқы туризм әлеуетін арттыру, жаңа туристерді тарту және өңірдің беделін жоғары сапалы контент арқылы көтеру.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Түрмелер «есірткі таратушыларға» толы

Бұл туралы Жетісу облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы басшысының орынбасары Эмиль Шарменев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мәлімдеді. «Неліктен біз жас буын қалташыларды түрмеден босатқымыз келеді? Өйткені олар
Жетісу облысы

15 қыркүйекте бастап тұмауға қарсы вакцина салынады

Елімізде  жылда күз келгенде жіті респираторлық-вирустық инфекция мен тұмау өршиді. 2023-2024 жылғы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ-дың 259 111 жағдайы тіркелген, оның ішінде зертханалық жолмен анықталған тұмау жұқпасының 129 жағдайы анықталды. Осыған
Жетісу облысы

Қолөнершілер Шәмен Жаманұр, Рәуя Нұртілеу отбасыларымен дауыс берді

Республикалық референдумда Ескелді ауданының қолөнершілері Шәмен Жаманұр, Рәуя Нұртілеу Сырымбет ауылындағы №106, және Абай ауылындағы №115 дауыс беру учаскелеріне отбасыларымен келіп дауыс берді. «Біз мемлекетіміздің азаматы ретінде өзіміздің жауапкершілігімізді сезініп
Жетісу облысы

Кәмелетке толмағандар арасында 966 құқық бұзушылық анықталды

Уақытша оқшаулау орталықтарына 24 бала жеткізілді, үш әке-шеше, ата-ана құқығынан айырылды. Жасөспірімдер жасаған 5 қылмыс және кәмелетке толмағандарға қатысты 15 қылмыс тіркелді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында спикер
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *