Жаңалықтар

Алматы облысында 2024 жылы 90 дәрігер жұмысқа орналасты

 

2024 жылы Алматы облысындағы медициналық мекемелерге 90 дәрігер жұмысқа орналасты. Облыста кадр тапшылығын төменту мақсатында жас мамандарды қызметтік тұрғын үймен және жалға берілетін пәтерлермен қамтамасыз етудің өңірлік бағдарламасы іске асырылуда.
Өткен жылы 22 дәрігерге 180 908 000 тенге көлемінде және 19 орта медицина қызметкерлеріне 147 680 000 теңге көлемінде тұрғын үй алуға арналған несие берілді.
Дәрігерлерге жалға берілетін тұрғын үйге ай сайын 6 137 000 теңге көлемінде ақы төленді. Сонымен қатар, жалға берілген пәтерлердін коммуналдық қызмет ақысы 215 дәрігерге 5 670 000 теңге көлемінде төленді.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алмат Тұрысбекұлының айтуынша, жыл сайын жергілікті бюджеттен стипендия төлей отырып, резидентураға мамандар даярлауға қаржы бөлінеді. Бүгінгі күні 180 — резидент жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім алуда.

«Медициналық ұйымдардағы тапшы мамандарға (бейінді мамандарға) шалғайдағы ауылдық жерлерге жұмысқа орналасқан дәрігерлерге, орта буын медициналық қызметкерлеріне бәсекеге қабілетті жалақы бекітіліп және лауазымдық жалақыға дербес үстемеақы белгіленген», — деді басқарма басшысы.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқыған мамандар арасында үш жақты шарт жасалынып, резидентураны аяқтағаннан кейін 3 жыл жергілікті мемлекеттік медициналық ұйымдарда толық көлемде жұмыс істеуге міндеттеме белгіленген. Жұмыс істеуден бас тартқан жағдайда білім алушылар жергілікті бюджеттен оқуға жұмсалған қаражатты 1 ай ішінде өтеуге міндеттелген.

Сонымен қатар дәрігерлердің біліктілігін аттыру мақсатында Ресей Федерациясында акушерлік-гинекология және неонатология саласы бойынша 12 дәрігер, Белорусия Республикасында реабилитация бойынша 12 дәрігер және отбасылық медицина мен жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін жетілдіру мәселелері бойынша Лондонда 12 медицина маманы біліктілігін артырып, тәжірибе алмасып қайтты.
Айта кету керек, 2025 жылы «Аса тапшы медициналық мамандықтар тізбесін бекіту туралы» облыс әкімінің қаулысы күшіне енді.
Қаулы, ауылдық жерге кемінде бес жыл мерзімге жұмысқа келген аса тапшы медицина қызметкерлеріне 100 ЕТЖ мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем төленеді.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Жетісуда мереке күндері қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етілді

Жаңа жыл мерекелері кезінде Жетісу облысы аумағында 6 өрт оқиғасы, 1 улы газбен улану жағдайы және 1 авариялық-құтқару операциясы тіркелді. Құтқару операциясы барысында 11 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды.
Жаңалықтар

«Наурыз жұмыскер»: Отбасы банк еңбек адамдарына қолжетімді баспана алуға қалай көмектеседі.

2025 жылы Қазақстан жұмысшы мамандықтар жылын атап өтуде және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл қадамы тек формальдылық емес, еңбек адамдарын нақты қолдау болып табылады. Жұмысшы мамандықтары - экономиканың негізі, олар зауыттардың,
Жаңалықтар

Алматыда ортопедия және травматология бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференция табысты өтті

7-8 қарашада Алматыда «Қолданбалы ғылымдағы заманауи жетістіктер: биомеханикалық зерттеулерден клиникалық сынақтарға дейін» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға Қазақстан, Түркия, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Жапония, Қытай, Польша, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан,
Жаңалықтар

Алматы облысында жазғы лагерьлерге талап күшейтілді

2025 жылы жазғы маусымда лагерьлерге қойылатын санитариялық талаптар мен бақылау шаралары күшейтілді. Ондағы мақсат балалардың денсаулығы мен қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету. Бұл туралы Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *