Жетісу облысыӨңірлер

Жетісу аумағындағы «Крещение» рәсімі кезінде суға түсу орындары белгілі болды

Жыл сайын 19 қаңтарда православтық христиандар «Крещение Господня» мерекесін атап өтеді. Бұл күні дәстүр бойынша діни іс-шаралар, оның ішінде құдайға құлшылық ету, өзенге бару, суға жаппай шомылу немесе су құю рәсімдері өтеді.
Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің 70 астам құтқарушылар мен қызметкерлер суға түсу кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында басқа да мүдделі мемлекеттік органдарды жұмылдырып облыс әкімінің орынбасарымен жұмыс жоспары бекітілді.
Орталық қызметкерлерінің суға шомылу орындарында кезекшілік кестесі жасақталды.
Облыс аумағындағы «Крещение» рәсімі кезінде суға түсу орындары:
1. Талдықорған қаласы: Қаратал өзені, «Қызыл тас» саяжайы (темір көпір);
2. Текелі қаласы: Шажа өзені, «Шапағат» орталығының жанында;
3. Алакөл ауданы: Үшарал қаласы , Жамбыл көшесі 110;
4. Сарқан ауданы: Сарқан қаласы, Сарқан өзені Тайманова көшесі, «ГЭС» маңында;
5. Ескелді ауданы: Қарабұлақ ауылы, Оразбекова №3 көшесі, Свято-Абалацкий шіркеуіндегі арнайы бассейн;
6. Панфилов ауданы: Жаркент қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 109 үй, Пророк Илии шіркеуіндегі арнайы бассейн;
7. Кербұлақ ауданы: Шұбар ауылы, Кескентерек өзені;
8. Кербұлақ ауданы: Қоғалы ауылы, «Заболотный» шаруа қожалығы аумағындағы өзен.
Сондай-ақ 19 қаңтарда аймақтағы барлық орыс-православ шіркеулерінде мерекелік литургия өтеді.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында аудитпен қамтылған қаражат саны 17 млн. теңгеге жетті

Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан ағымдағы жылдың соңғы 11 айында 106 жоспардан тыс және  14 жоспарлы аудиторлық іс – шара жүргізілді. Атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша өңірдегі аудитпен
Жетісу облысы

NIS түлегі Гарвард университетіне жұмысқа шақырту алды

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Назгүл Сәкенова Гарвард университетінде докторлық диссертациясын таныстырды. Назгүл жас ғалым. Германиядағы Гейдельберг университетінде докторантурада оқуын аяқтауда. Қазіргі таңда медицина саласындағы ең өзекті мәселелердің бірі
Жетісу облысы

ҰЛЫҚТЫ ҰРПАҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН ТАҢДАУ ЖАСАДЫМ

Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаев биылғы Жолдауында «Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Ендеше, өз жерімізде атом стансасын салуға әбден қақымыз бар» деп атап өтті. Бұған дейін Мемлекет басшысы халыққа
Жетісу облысы

«55 жастан бастап төленеді»: Зиянды жұмыста істейтіндер үшін арнаулы төлем енгізілді

1 қаңтардан бастап арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және төлеуді тоқтату қағидалары күшіне енді. Оны алуға кімдер сенім білдіре алады? Бұл туралы Жетісу облысының
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *