Жаңалықтар

МӘМС жүйесінің артықшылықтары түсіндірілді

Жұмыс берушілер МӘМС төлемдерінің екі түрін жасайды: біріншісі – ай сайын қызметкер жалақысының 3% мөлшерінде өз қаражатынан төлейтін аударымдар. Ол аударымдардың ең жоғары сомасы айына 10 еселенген ЕТЖ**-дан 3% — дан немесе 2024 жылы 25500 теңгеден аспауы тиіс. Екіншісі- жарналар. Олардың жұмыс берушісі қызметкердің жалақысынан ай сайын 2% ұстайды. Бұл туралы «ӘМСҚ» Алматы облыстық филиалының бөлім басшысы Айғаным Санақбаева облыстық Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлерімен кездесуде мәлімдеді.

Мұнда да жоғарғы шек бар, айына 10 еселенген ЕТЖ-дан 2%-ы одан артық жұмыс беруші төлемеуі тиіс немесе 2024 жылы 17000 теңгені құрау керек. Егер қызметкер бірнеше жерде еңбек етсе, барлық жұмыс орындарынан МӘМС жарналарының сомасы ай сайын 17000 теңгеден аспауы тиіс. Спикер қатысушыларға МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесі бар азаматтардың қандай медициналық көмек алуға құқығы бар, төлем мөлшерлері, «жалған жазба» кезіндегі әрекеттер туралы кеңінен түсіндірді.

«МӘМС жүйесіне мүмкіндігіне қарай төлем жасаған әр азамат МӘМС бойынша көмек алу үшін жүгінген кезде қажетіне қарай ем алады, тіпті қажет болған жағдайда құны қымбат жоғары технологиялық медициналық қызметтер де МӘМС жүйесінде тегін жасалады. Жарналарды екінші деңгейлі банк, Қазпошта, Мобильді қосымша Каспи, Халык банк, Касса 24 терминалы арқылы төлеуге болады», — деді Айғаным Жақыпбекқызы.

Мұнымен қоса, МӘМС жүйесінің артықшылықтары, мәртебені тексеру жолдары, жоғалту қаупі бар жағдайлар, емхананы таңдау принциптері, дәрі-дәрмектеп қамтамасыз етілу, жеңілдік санатына кімдер кіретіні де баяндамада қамтылды.

«Бүгінде Алматы облысында 1 жарым млннан астам халық тұрады. Олардың 70 пайызына жуығы МӘМС жүйесінде жеңілдік санатына жатады. Яғни, бұл азаматтар үшін жарнаны мемлекет төлеп келеді. Бұл қатарда балалар, жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, зейнеткерлер, мүгедектер, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;, Мүгедектігі бар балаға күтім жасауды жүзеге асыратын адамдар бар», — деді қор өкілі кездесуде.

Жиында қор қызметі, жаңашылдықтар туралы да айтылды. Өз кезегінде Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасының мамандары толғандырған сұрақтарын кезек-кезек қойды. Аудандық филиал өкілдері де онлайн қатысып, сауалдарын жолдады. Бұл қатарда МӘМС жүйесінде қолжетімді медициналық қызметтердің цифрландырылуы, ашықтығы, порталды күту ұзақтығы, жолдамаларды алу жолдары, емхананы ауыстыру, шұғыл жағдайда ТМККК шеңберінде ем-шара алу туралы мәселелер болды. Спикер қызметкерлердің сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап берді. Қордың байланыс арналарын да ұсынды. Жиын соңында кездесу қатысушылары өз ризашылықтарын жеткізді.

 

«ӘМСҚ» АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

МӘМС медициналық қызметтерге теңдей қолжетімділік ұсынады

Жұмыс берушілер әскери қызметшілер, арнайы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін аударымдар төлеуден босатылады. Әскери қызметшілер мен арнайы органдардың қызметкерлері туралы мәліметтер «Арнайы есепке алу» ақпараттық жүйесіне енгізіледі.
Жаңалықтар

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы «16 күн» науқаны басталды

  «16 күндік белсенділік» атты екі аптаға жалғасатын науқанның басты мақсаты- тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. Іс-шара 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтеді. Сандарды сөйлетсек, жаға ұстатарлық. Жыл басынан 3943
Жаңалықтар

Жетісу облысында қант қызылшасын жинау науқаны қарқынды жүргізілуде

Жетісу облысында қант қызылшасын жинау науқаны қарқынды жүргізілуде, жедел штаб күнделікті өңірде қабылданып жатқан қант қызылшасы көлемін назарда ұстап отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде облыстық
Жаңалықтар

Асанәлі Әшімовтың тағдыр тақтасы

Қазақтың театр және кино өнеріне өлшеусіз үлес қосқан өнер тарланы, КСРО-ның  Халық  әртісі, Қазақстанның Еңбек ері, даңқты актер Асанәлі Әшімұлы Жетісу жеріне гастрольдік сапармен келді. Театр ұжымының аялдамасы Бикен Римова
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *