ЖаңалықтарӨңірлер

Жұмысшы мамандықтары жылы: техникалық мамандарға арналған «Наурыз жұмыскер» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылғаны туралы жарияланды

Үкімет Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық мамандарды қолдау шараларын қабылдауда.
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Отбасы Банкі «Наурыз жұмыскер» жаңа бағдарламасы іске қосылғаны туралы жарияланып, жұмысшы мамандарды баспанамен қамту мәселесі шешілді.
Бағдарлама өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салалары қызметкерлерін қамтиды.
Биыл «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы аясында жұмысшы мамандықтары өкілдеріне 72 млрд теңге көлемінде 2 440 несие беру жоспарланып отыр.
Өтінімдерді қабылдаудың басталуы 2025 жылдың 17 наурызына жоспарланған. «Наурыз жұмыскер» қазірдің өзінде белгілі «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасының бір бөлігі болмақ.
Бағдарлама талаптары бойынша азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін 7% (ЖТСМ 7,1%-дан 9,6%-ға дейін) және қалған барлық санаттар үшін 9%-дық (ЖТСМ 9,4%-дан 13%-ға дейін) мөлшерлемемен несие беріледі. Бастапқы жарна – таза әрлеудегі бастапқы тұрғын үйді сатып алу үшін 10%-дан, әрленбеген бастапқы тұрғын үйді және қайталама нарықтағы тұрғын үйді сатып алу үшін 20%-дан басталады. Несиенің ең жоғары сомасы облыстар үшін 30 млн теңге, Астана мен Алматы қалалары үшін 36 млн теңге.
Сондай-ақ «Наурыз жұмыскер» бағдарламасымен қатар Отбасы банкі отандық кәсіпорындармен «корпоративтік» өнім шеңберінде жұмыс істейтін болады, бұл кәсіпорындардың өз қызметкерлеріне несие беру үшін қаражат бөлуін білдіреді.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Сарқанда «Зарянка» этноорталығының өкілдері референдумға белсене қатысты

Сарқан ауданы Қойлық ауылдық «Зарянка» этно орталығының өкілдері өз дауыстарын берді. Этно орталық мүшелері Қойлық ауылында өткізілетін барлық іс-шараларына белсене ат салысады. Аталған орталықтың ауыл бойынша ұлтаралық қатынастарды нығайтуда үлесі
Жетісу облысы

Алакөл ауданының елді-мекендеріне 2025 жылдан бастап газ тартылмақ

Алакөл ауданының әкімі Алмас Абдинов Өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерімен кездесіп, 2024 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2025 жылға арналған жоспар-ларымен бөлісті. Әкімнің мәліметінше, 2024 жыл аудан үшін жемісті
Жаңалықтар

Жетісу облысында жүк жолаушылар әуежайын салу жоспарлануда

Жаркент қаласында жүк-жолаушылар әуежайын салу жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Жетісу облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ғалымжан Дәрібаев айтып берді. Жетісу облысында жол инфрақұрылымын
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *