ЖаңалықтарЖетісу облысы

Жетісу облысында көші-қон саласында заңбұзушылықтар саны артты

2024 жылы Жетісу облысының аумағында «eQonaq» ақпараттық жүйесі арқылы 27 815 шетелдік тіркелді. Уақытша тұруға рұқсат алған 10 257 шетелдіктің басым бөлігі Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан азаматтары. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында Жетісу облысы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ерлан Раймбеков баяндады.
Облыста көші-қон заңнамасының бұзылуы бойынша әкімшілік жауапкершілікке 6 282 азамат тартылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға артық. Оның ішінде 2 594-і шетелдіктер болса, 3 688-і Қазақстан азаматтары.
Шетелдік азаматтар арасында ең жиі кездескен заңбұзушылықтар:
• Қазақстанда тіркеусіз немесе құжатсыз тұру (201 шетелдік);
• Көші-қон заңнамасын бұзу (2 366 шетелдік);
• Шекара режимін бұзу (26 шетелдік).
Жыл басынан бері шетелдіктерге қатысты 3 қылмыс тіркелді, оның ішінде Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтудің екі фактісі және заңсыз көші-қонды ұйымдастырудың бір жағдайы бар.
Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 36,3 млн теңгеге айыппұл салынды. Барлық айыппұл толық өндірілді. Сонымен қатар сот шешімімен 148 шетелдік елден шығарылды. Олардың басым бөлігі Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары.
Одан бөлек, Ескелді ауданында синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастыруға әрекеттенген Молдова азаматтары ұсталды. Бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Жетісу облысының көші-қон қызметі заңбұзушылықтардың алдын алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шараларын күшейтуді жалғастыруда.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісулық дәрігерлер екі баланың өмірін құтқарып қалды

Көпсалалы облыстық балалар ауруханасына 27 наурыз күні 3 жасар екі бала әртүрлі дене жарақатымен түскен. Бірі 4-қабаттан құлап, ауыр жарақат алса, екіншісі септикке түсіп кеткен. Мамандар шұғыл әрекет етіп, дер
Жетісу облысы

Алатау бөктерінде Сиверс алма ағашы гүлдей бастады

Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық саябағының аумағы жабайы жеміс-жидек өсімдік түрлеріне бай аймақ. Мұндағы жабайы Сиверс алмасы өте бағалы әлемдік мәні зор бірден-бір генетикалық қор болып саналады. Сонау ерте замандағы бор
Жетісу облысы

ЖАҢА БОСАНҒАН АНА ДАУЫС БЕРДІ

Референдум күні жаңа босанған ана Мөлдір Амангелдіқызы жылжымалы  жәшік арқылы өз таңдауын жасап, дауыс берді. Үшарал қаласының әкімі М. Сайдильдинов Мөлдір Амангелдіқызын құттықтап, гүл шоқтары мен арнайы сый-сияпат тарту етті.
Жаңалықтар

Жетісуда қант қызылшасының егіс көлемі 1,5 мың гектарға қысқарады

Биыл Жетісу облысында қант қызылшасының егіс алаңы 12,2 мың гектарды алып отыр. Екі қант зауытының өндірістік қуаттылығына байланысты егіс көлемі 1,5 мың гектарға қысқартылмақ. Осы көлемде егілген дақылдан шамамен 550
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *