ЖаңалықтарЖетісу облысы

Жетісу облысының командасы – «Асыл домбыра» жобасының үшінші маусымының жеңімпаздары

Бүгін «Асыл домбыра» тележобасының үшінші маусымының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Белгілі болғандай, 2024 жылғы қыркүйек пен желтоқсан аралығында «Хабар» арнасында өткен маусымның жеңімпазы Жетісу облысының командасы атанды.
«Асыл домбыра» жобасы айтыс өнері мен қазақ халқының рухани құндылығы және мәдени мұрасының символы болып табылатын ұлттық аспап — домбыраны сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізуге бағытталған. Жоба аясында талантты ақындар мен өнерпаздар баға жетпес дәстүрлерді дәріптеп, оларды жаңа деңгейге көтеруде.
Марапаттау рәсіміне дейін жеңімпаз командаға берілетін қасиетті домбыра М.Тынышбаев атындағы музейде қойылады. Ол мұражай экспозициясының бір бөлігі әрі ұлттың рухани байлығының символы болмақ.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысындағы жеке тұлғалардың банкроттығы. Жағдай қалай?

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Жетісу облысындағы жеке тұлғалардың банкроттығына байланысты баспасөз-мәслихаты ұйымдастырылды. Тура бір жыл бұрын наурыз айынан бастап, бүгінге дейін облыста 3 800-ден астам өтініш келіп түскен. Алайда
Жетісу облысы

Жетісу облысының бірнеше тұрғынына халықаралық іздеу жарияланды

2004 жылы 23 қаңтарда Ескелді ауданында ауыр қаржылық қылмыс орын алды. Аталған ауданның «Қазпочта» ААҚ кассирі Гүлбану Бәзілбаева Қанат Исабаевпен сөз байласып, қызмет бабын асыра пайдаланды және зейнетақы мен жалақыға
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *