ЖаңалықтарЖетісу облысы

Жетісу облысында жүк жолаушылар әуежайын салу жоспарлануда

Жаркент қаласында жүк-жолаушылар әуежайын салу жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Жетісу облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ғалымжан Дәрібаев айтып берді.
Жетісу облысында жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2024 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге 41,2 млрд теңге бөлініп, оның 26,4 млрд теңгесі облыстық маңызы бар жолдарды жаңарту мен жөндеуге бағытталды.
Жыл қорытындысы бойынша 193,4 шақырым автожол жөнделіп, бірқатар маңызды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылды:
• 38 шақырым жол қайта жаңғыртылды;
• 3 көпірге күрделі жөндеу жүргізілді;
• 155,4 шақырым жолға орташа жөндеу жасалды.
Сонымен қатар, жолдардың ағымдағы жөндеуі мен күтіміне 2,2 млрд теңге бөлініп, жоспарлы жұмыстар атқарылды.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстық маңызы бар «Алматы – Өскемен – Қапал – Арасан» және «Талдықорған – Үштөбе» бағыттарына екі автоматтандырылған өлшеу станциясы (АСИ) орнатылды. Бұл жүйе ауыр жүк көліктерінің шамадан тыс салмақпен қозғалуын бақылауға мүмкіндік береді.
Келесі жылы облыстық маңызы бар 152 шақырым жол мен 53 елді мекеннің ішкі жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл жұмыстардың нәтижесінде жергілікті маңызы бар автожолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 95%-ға жетеді деп күтілуде.
Балқаш көлі мен «Бұрхан Бұлақ» сарқырамасына апаратын жолдарды жаңғырту жұмыстары басталды. Бұл туристік бағыттардағы жол сапасын арттырып, өңірдің туристік әлеуетін дамытуға серпін береді.
Қыс мезгілінде облыстық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау үшін 264,9 млн теңге бөлінді. Қажетті 8 530 тонна тайғаққа қарсы материал дайындалып, 150 арнайы техника жұмылдырылды.
Облыс әкімдігі мердігер ұйымдардың жұмыс сапасына талапты күшейтті. Жол жұмыстары 5 сатылы бақылау жүйесі арқылы тексеріледі. Оның ішінде техникалық қадағалау мен «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» мамандарының бақылауы қарастырылған.
Жетісу облысы жол инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстарды әрі қарай да тұрақты бақылауда ұстамақ.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Раннее обнаружение рака спасает жизнь

55-летняя жительница города Конаев смотря телевизор у себя дома, провела само обследование молочных желез, которому обучилась в ЦЛП городской многопрофильной больницы города Конаев по курсу «Әйелдер сұлулығы». Она уже знала,
Жетісу облысы

КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ДАУЫС БЕРДІ

Бүгінгі референдумнан көпбалалы аналар да қалыс қалған жоқ. Күнделікті отбасылық қарбаластарға қарамастан  көпбалалы аналар  жақын маңдағы сайлау учаскесіне келіп өз таңдауларын жасады. – Біз бүгін балаларымыздың жарқын болашағы үшін, бейбітшілік
Жаңалықтар

Алматы облысында «AMANAT» партиясының үздік қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды

Алматы облысында үздік қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды. Байқау қорытындысы бойынша Іле аудандық филиалы жеңімпаз атанды. Енді олар республикалық кезеңге жолдама алды.
Жаңалықтар

Жетісу облысында заңсыз балық аулаудың 14 фактісі анықталды

Жетісу облысында балық қорын сақтау үшін күрес күшейе түсуде. Жетісу су айдындарында инспекция мен құқық қорғау органдары бірлесіп жүргізген рейдтік іс-шаралар нәтижесінде заңсыз балық аулаудың 14 дерегі тіркелді. Тексеру барысында
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *