ЖаңалықтарЖетісу облысы

Жетісу облысының 358 елді мекені бас жоспарлармен толық қамтамасыз етілді

Жетісу облысында сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл туралы Жетісу облысының Сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы Асанәлі Жанабай мәлімдеді.
Басқарма мәліметінше, қазіргі уақытта облыстың 358 елді мекені бас жоспарлармен толық қамтамасыз етілген. Қажеттілігіне қарай жоспарларға түзетулер енгізілуде. Сонымен қатар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары 16,8% немесе 60 елді мекенді қамтиды.
2024 жылы қала құрылысы жобаларын түзету жұмыстары аяқталмақ. Қазіргі таңда жобалар «Мемсараптама» РМК-да сараптамадан өткізілуде. Құжаттарды әзірлеу барысында қоғамдық ұйымдар мен әкімдік құрылымдарының қатысуымен қоғамдық талқылаулар ұйымдастырылған.
Облыста тұрғын үй құрылысы да бақылауда. Жыл соңына дейін барлық қаржыландыру көздері есебінен пайдалануға берілген тұрғын үйлер бойынша мәліметтер жинақталмақ. Аудандық және қалалық құрылыс бөлімдері тұрғын үйді қабылдау актілері мен сәулет-жоспарлау тапсырмаларының мәліметтерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрына тұрақты түрде енгізіп отырады.
Айта кетейік, облыста «Қылмыстық құқық бұзушылық картасын» жаңарту үшін елді мекендердің электрондық картасы әзірленді. Осы жұмыс аясында жылжымайтын мүлік нысандарының мекенжайлары түгенделді. Бұл деректер тұрақты түрде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне беріледі.
Басқарма желтоқсан-қаңтар айларында «Құрылыс және реконструкциялау жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» және «Эскизді келісу» бағыттары бойынша жалпы 6858 мемлекеттік қызмет көрсеткен.
Жетісу облысының Сәулет және қала құрылысы басқармасы алдағы уақытта да өңірдің сәулеттік дамуын қамтамасыз ету және халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын жалғастырмақ.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Майлы дақылдарды өндіру және қайта өңдеу

Биыл Жетісуда 65 мың тонна соя жинау жоспарлануда, деп хабарлады облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бақтияр Шампиков Өңірлік коммуникация қызметінің баспасөз мәслихатында. Облыста бес кәсіпорын соя бұршақтарын қабылдаумен айналысады.
Жетісу облысы

Қаратал ауданында газдандыру бойынша 58 % жұмыс көлемі орындалды

Бұл туралы БАҚ өкілдерімен кездесуде Қаратал ауданының әкімі Ұлан Әлдибекұлы мәлімдеді. Қаратал ауданы бойынша 35 елді мекенінің 19-ы газдандыруға жатады. Жоспарланған 19 елді мекенді газдандыру нәтижесінде 2025 жылы ауданның 39
Жетісу облысы

ҰҚК Шекара қызметі азаматтарды әскери қызметке шақырады

Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында ҚР ҰҚК Шекара қызметіне әскери қызметке шақыру туралы баспасөз-мәслихаты ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің кадр бөлімінің бастығы
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *