Жаңалықтар

Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жалған шот-фактура жазған 7 ұйымды әшкереледі

Департамент көлеңкелі экономикаға қаражат шығаратын субъектілермен күреске басымдық беріп отыр. Жалған ақша жасаушылар, контрабандашылар және контрафактілік өнім өндірушілер сияқты заңсыз схемалардан тазарту үшін жедел-тергеу әрекеттері іске асырылады.

Бүгінгі күні, өндірісте болған 105 сотқа дейінгі тергеп-тексерудің 62-і Департаменттің өзімен тіркелді, оның ішінде 47-сі жедел-іздестіру шаралары барысында анықталды. 76 тергеу аяқталды, оның 65-і сотқа жолданды, 11-і ақтамайтын негіздер бойынша тоқтатылды. Келтірілген 29 млрд теңге залалдың 23 млрд теңгесі өтелді, соның ішінде 10,4 млрд теңгеге мүлікке тыйым салынды.

Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Әсет Жаманбаевтың айтуынша, жалған шот-фактура жазумен айналысқан 7 ұйым әшкерелген. Олардың әрекеттері салдарынан мемлекетке 5,3 млрд теңге салық түспеген.

«Қазіргі уақытта «Мемсараптама» РМК-да Еңбекшіқазақ және Жамбыл аудандарында салынатын екі мектептің жобалау және құрылыс құнын төмендетуге қатысты материалдар қаралуда. Бұл жобаларда 200 млн теңгеге негізсіз жоғары баға белгіленгені анықталды»,-дейді спикер.

Департамент басшысының орынбасары Әсет Жаманбаев келтірген деректердің қатарында мұрағаттық істерді қайта қарау барысында бұрын «Қазақстан қағазы» АҚ-ны басқарған тұлғаның Швейцария банкіндегі 12,5 млрд теңге көлеміндегі қаражаты тәркілені де бар.

«Біздің материалдарымыз негізінде Бас прокуратураның активтерді қайтару жөніндегі комитеті бұл қаражатты мемлекет кірісіне аудару бойынша жұмыс жүргізуде»,-деді Әсет Жаманбаев.

Мамандар, әрбір азамат осы үдерістегі өз рөлін түсінуі маңызды екенін алға таратады. Көлеңкелі эконоиканың алдын алудың жолдары көп. Кез келген тұлға экономикалық құқықбұзушылықтармен күреске 1458 сенім телефоны немесе «АФМ Insider» Telegram-боты арқылы белгілі фактілер туралы хабарлай алады.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің І тоқсанындағы жұмысы қорытындыланды.

Департамент басшысы Саян Ахметжанов өз баяндамасында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі басымдығы – алдын алу шараларын күшейту екенін атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар өңір бойынша халықтың
Жаңалықтар

Жетісу облысында өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық басталды

2025 жылғы өрт қауіпті маусымға байланысты Жетісу облысының аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу мен жою тәуекелдерін төмендету бойынша кезең-кезеңімен іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Облыста жағдайды бақылау үшін 3
News

«Дарын» олимпиадасынан қола медаль

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Ерасыл Жасұланов «Дарын» республикалық олимпиадасында информатика пәнінен қола жүлдегер атанды. Ақтауда 9-11 сынып оқушылары арасында химия және информатика пәндері бойынша жаратылыстану-математикалық бағыттағы республикалық олимпиада
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *