Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысында коммуналдық қызметтерге жаңа тарифтер енгізілді

Табиғи монополияларды реттеу департаменті коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын ескере отырып, жылу және сумен жабдықтау тарифтерін бекітті. Бұл шара энергетика және коммуналдық секторды жаңғыртуға бағытталған ұлттық жоба аясында жүзеге асырылуда.

Жаңа ережелерге сәйкес, жылумен жабдықтауға арналған әлеуметтік лимиттер тұрғын үй алаңына байланысты белгіленді:
•100 ш.м. дейін – базалық тариф, өзгеріссіз қалады;
•100–200 ш.м. – тариф 10%-ға артады;
•200 ш.м. жоғары – орташа босату тарифі қолданылады.
Сумен жабдықтауға байланысты тарифтер төрт деңгейге бөлінді, тұтыну көлеміне қарай:
•Айына 3 текше метрге дейін – базалық тариф бойынша төлем;
•3–5 текше метр – 20% қымбат;
•5–10 текше метр – 50% қымбат;
•10 текше метрден жоғары немесе есептегіші жоқ болса – 100% қымбат.
Дифференциалды тарифтерден түсетін қосымша табыс коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға жұмсалады. Олардың мақсатты пайдаланылуын мемлекеттік органдар мен қоғам бақылайды.
Әлеуметтік осал азаматтар үшін тұрғын үй көмегі қарастырылған. 2025 жылы бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 1 229 алушыға 63 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.
Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Кәсіпкерлерді қолдау үшін бөлшек салық режимін енгізу талқыланды

Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің камералдық мониторинг басшысы Ринат Жамаубаев бөлшек салықтың жаңа режимі тақырыбын қозғады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында пандемиядан зардап шеккен салаларда
Жетісу облысы

Емханаға тіркеу науқаны басталды

1-ші қыркүйектен бастап елімізде емханаға тіркелу науқаны басталады. Тұрғындар медициналық қызмет алу үшін емхананы өз еркімен таңдауға мүмкіндігі бар.  Науқан 1-ші қарашаға дейін жалғаспақ. Азаматтар өз аумағындағы медициналық мекемеден бөлек,
Жетісу облысы

ҰҚК Шекара қызметі азаматтарды әскери қызметке шақырады

Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында ҚР ҰҚК Шекара қызметіне әскери қызметке шақыру туралы баспасөз-мәслихаты ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің кадр бөлімінің бастығы
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *