ЖаңалықтарЖетісу облысы

Жетісу облысында заңсыз балық аулаудың 14 фактісі анықталды

Жетісу облысында балық қорын сақтау үшін күрес күшейе түсуде. Жетісу су айдындарында инспекция мен құқық қорғау органдары бірлесіп жүргізген рейдтік іс-шаралар нәтижесінде заңсыз балық аулаудың 14 дерегі тіркелді. Тексеру барысында құқық бұзушылар моноталшықтан жасалған ау пайдаланғаны анықталды, бұл су биоресурстарына айтарлықтай зиян келтіреді. Табиғат қорғау заңнамасын бұзған бес азамат ұсталды.

Балық қорын сақтау мақсатында Қазақстанда 100 мм-ден кіші көзді моноталшықты ауларды қолдануға, сондай-ақ уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған. Аталған талаптарды сақтамаған тұлғаларға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Бақылауды күшейтумен қатар, Жетісу облысында балық шаруашылығы қарқынды дамуда. Бүгінде өңірде 28 балық өсіру шаруашылығы жұмыс істейді, ал 2024 жылы 893,96 тонна тауарлық балық өсірілді. Сонымен қатар, экологиялық іс-шаралар аясында су айдындарының экожүйесін сақтау және ластанудың алдын алу мақсатында жыл сайын «Таза су айдындары» акциясы өткізіледі.

Инспекция заңсыз балық аулау деректерін анықтау және жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда және азаматтарды су ресурстарын қорғау жөніндегі белгіленген нормаларды сақтауға шақырады.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында «Қарызсыз қоғам» жобасы іске асырылуда

5 ақпаннан бастап жеке тұлғалар арасында берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы барлық өңірде жүргізіледі. Еліміздегі  17 өңір мен 3 республикалық маңызы бар қаланы қамтитын бұл
Жаңалықтар

Алматы облысында «бір күндік клиника» жобасы бастау алды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен еліміздің 7 өңірінде жүкті әйелдерде ұрық диагностикасының тиімділігін арттыруға және «бір терезе» қағидаты бойынша көмекті ұйымдастыруға бағытталған пренаталдық диагностика орталықтарын құру жөніндегі жоба басталған
Жаңалықтар

Алматы облысында білім беру саласы қарқынды дамуда

  Алматы облысында 2024-2025 оқу жылының басында оқушылар саны 14 мың балаға артып, 367 325-ке жетті. Бұл туралы Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Диана Тетенқызы арнайы брифинг барысында мәлімдеді.
Жетісу облысы

Декларация тапсырмаған азаматтар айыппұл төлейді

Облыс орталығында жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі жүріп жатыр. Оған  жыл басынан бері мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары қатысуда. Басты  мақсат  –  әділ салық салуды қамтамасыз ету, жеке тұлғалардың кірісін
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *