ЖаңалықтарЖетісу облысы

Асанәлі Әшімовтың тағдыр тақтасы

Қазақтың театр және кино өнеріне өлшеусіз үлес қосқан өнер тарланы, КСРО-ның  Халық  әртісі, Қазақстанның Еңбек ері, даңқты актер Асанәлі Әшімұлы Жетісу жеріне гастрольдік сапармен келді. Театр ұжымының аялдамасы Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры болды.

«Жаңа ғасыр» театрының  әртістері Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ  ұлттық өнер академиясында Асанәлі Әшімұлының шеберханасын 2018 жылы тәмамдаған әртістерден құралған.

Талдықорғанға үш күндік сапармен келген өнер ұжымы күні кеше көрерменге ақын, драматург Бақыт Беделханның «Тағдыр тақтасы» қойылымын ұсынды. Спектакльдің қоюшы режиссері – Жұлдызбек Жұманбай.

Тағдыр тақтасы – маңдайдағы жазу. Асанәлі Әшімұлы өмір дерегіне негізделген аталмыш қойылым сахнасы шахмат тақтасымен безендірілді. Ақ-қара жолақты тақтада актердің бозбала шағы көрініс табады. Асанәлі  Әшімұлының анасы, жары Майра Айманова, қос ұлы Сағи мен Мәди суреттері, уақыт желі үйіріп әкеткен тұлғалар талай көрерменнің көзіне жас келтірді. Қойылымның мақсаты да осы. Алып тұлғаны басқа қырынан көрсету.

Спектакль соңында сахнаға Асанәлі Әшімұлының өзі шығып,  «Жан балам» әнін шырқап залда жиналған қауымға бір ауыз жылы лебізін білдірді.

Шараға қатысқан Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдаулетов өңір басшысының атынан Халық әртісі Асанәлі Әшімовке жылы лебізін білдіріп,  сый-сияпат табыс етті.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Емханаға тіркеу науқаны басталды

1-ші қыркүйектен бастап елімізде емханаға тіркелу науқаны басталады. Тұрғындар медициналық қызмет алу үшін емхананы өз еркімен таңдауға мүмкіндігі бар.  Науқан 1-ші қарашаға дейін жалғаспақ. Азаматтар өз аумағындағы медициналық мекемеден бөлек,
News

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: алдын алу жұмыстары өз нәтижесін беруде

Жетісу облысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасын іске асыру шаралары жүріп жатыр. Осы бағытта халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге және өңір тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді оңтайландыру жүйесі жолға қойылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
Жаңалықтар

Жетісу облысында балық аулауға тыйым салу мерзімдері жарияланды

Жетісу облысында көктемгі уылдырық шашу кезеңіне байланысты балық аулауға уақытша тыйым салу тәртібі мен мерзімдері туралы баспасөз мәслихаты өтті. Шара барысында Балқаш-Алакөл бассейніндегі су айдындарында балық ресурстарын сақтау бойынша қабылданған
Жетісу облысы

Мемлекет басшысының тапсырмасымен шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында Қаратал ауданында бірқатар жұмыстар атқарылуда 

2023 жылы «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 76 адамның құжаттары қабылданды, (жалпы сомасы 413 млн. 800 теңге.) Оның ішінде: ауылшаруашылығы бағытында 72 адам 386,1 млн теңге және 4 адамға басқа бағыттарда
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *