Жаңалықтар

Алматы облысында түйе шаруашылығы еңбеккерлері «AMANAT» партиясының қатарына қосылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялап, еңбек адамдарының мәртебесін көтеру мен олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға басымдық берді. Осы бастаманы қолдай отырып, «AMANAT» партиясы биылғы жылды «Бастауыш партия ұйымдары жылы» деп белгіледі.

Осыған орай, «AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалы өңірдегі ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірі – «Дәулет-Бекет» ЖШС базасында бастауыш партия ұйымын құрды.

Жаңа ұйымның ашылу рәсіміне Алматы облыстық мәслихатының төрағасы, «AMANAT» партиясының облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғожаев, Алматы облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Тұрымбетов және партия белсенділері қатысты. Жиын барысында ұжым мүшелері партия қатарына ресми түрде қабылданып, оларға партиялық билеттер табысталды. Сонымен қатар, кәсіпорынның дамуына және әлеуметтік жобаларға үлес қосқан қызметкерлерге алғыс хаттар тапсырылды.

Ұйым төрағасы болып «Дәулет-Бекет» ЖШС директоры Сыдық Дәулетов бірауыздан сайланды. Ол өз сөзінде кәсіпорын қызметкерлерін ортақ мақсатқа ұйыстырып, партияның әлеуметтік-экономикалық бастамаларын қолдауға үлес қосатынын жеткізді. Сондай-ақ, жаңа ұйымның қызметін жандандыру мақсатында филиалға қызметтік көлік сыйлады.

«Дәулет-Бекет» ЖШС – Қазақстандағы түйе шаруашылығымен айналысатын жетекші кәсіпорындардың бірі. 2001 жылы негізі қаланған серіктестікте бүгінде 5000-нан астам түйе өсіріледі. Кәсіпорын түйе сүтінен шұбат және құрғақ сүт өнімдерін өндірумен айналысады. 2021 жылы іске қосылған заманауи зауыт айына 30 тонна дайын өнім өндіреді. Бүгінде компания өнімдері Қазақстан нарығынан бөлек, Ресей, Қытай, Түркия, Германия және Францияға экспортталуда.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Қазақстандықтардың басым көпшілігі бүйрекке мұқтаж

Еліміз бойынша қайтыс болғаннан кейінгі донорлық жүйесі қарқынды дамуда. Ресми мәлімет бойынша қазіргі уақытта Алматы облысында  250-ге жуық науқас донорлық ағзаға зәру. Кезекте тұрған науқастардың басым бөлігіне бүйрек трансплантациясы қажет.
Жаңалықтар

Алматы облысында 10 мың тоннаға жуық инертті материал әзірленді

  Алматы облысында қар басу, қар көшкіні, көктайғақ және жол-көлік апаттарына қарсы арнайы дайындық шаралары жүргізілді. Бұл туралы Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті басқармасының аға инженері Дінмұхамет Құсайынұлы баспасөз мәслихатында
Жаңалықтар

Алматы облысында 2, 165 шақырым жылу желісі жөнделді

  Баға бағамы өзгеріп, жалақы өсіп, шикі заттың бағасының артуы коммуналдық қызметтердің тарифінің өзгеруіне ықпал етеді. Алматы облысында электр энергиясының құны 28,64 теңгеден 31,36 теңгеге өсті. Бұл жайында Қазақстан Республикасы
Жаңалықтар

Ардагерлермен кездесті

Ел тарихында азаттығымызды айшықтай түсетін ең қастерлі мереке 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне  орай Үшарал қаласында орналасқан Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Сондай-ақ, аудандық З. Қойшыбаева
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *