Медицина

Жетісу облысы: биылғы эпидемиологиялық маусымда тұмаудың екі жүзге жуық жағдайы тіркелген

Тұмау – әлемде кең таралған, вируспен шақырылатын жіті респираторлық вирустық инфекция.

Ауру жасырын түрде басталады. Инфекция жұқтырғаннан бастап аурудың алғашқы белгілері бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылады (орташа есеппен 2-4 күн). Аурудың белгілері өте тез басталады.

Тұмауға тән белгілер:

  • дене қызуының жоғарлауы;
  • жөтел;
  • бас ауру;
  • әлсіздік;
  • бұлшық еттер мен буындардың ауруы;
  • тамақ пен мұрынның қабынуы.

Сырқаттанушылықтың көтерілуі қарашадан басталып, қаңтар, ақпан айларында шарықтау шегіне дейін жетеді.

Жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) мен тұмаудың эпидкезеңі қазан айынан басталды, қазір күнделікті (1 желтоқсаннан бастап), апталық мониторинг жүргізіліп, сырқаттанушылық бақылануда.

Облыс бойынша 2024-2025жж. эпидемиологиялық маусымда (40-8 апта аралығы) жіті респираторлық вирустық инфекцияның 100 мыңнан астам жағдайы тіркелді, былтырғы эпидкезеңмен салыстырғанда сырқаттанушылық 1,3 есеге төмен.  14 жасқа дейінгі балалар сырқаттанушылықтың 68,4 құрайды.

Жалпы тұмау жұқпасының зертханалық жолмен дәлелденген 166 жағдайы тіркелді, оның ішінде А (А (H1N1) 09-pdm – 79, В — 90. Былтырғы эпидемиологиялық кезеңмен салыстырғанда тұмау жұқпасы 37 жағдайға жоғарылаған.

«Тұмаудың алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация болып табылады.  Вакцинация, әсіресе, тұмаудың асқынуының даму қаупі жоғары топтағы адамдар үшін өте маңызды. Жетісу облысы бойынша жергілікті бюджет есебінен жоспарланған тұрғындардың барлығы 100% қамтылды. Жалпы облыс халқының 12,6%», — дейді Жетісу облысы СЭБД басшысы Асхат Чарапиев.

Тұмауға қарсы арнайы иммундаудан басқа тұмау және жіті респираторлық вирустық жұқпаның жоғарылау кезеңінде жұқпаның арнайы емес алдын алу шараларын да естен шығармауымыз керек. Мәселен:

  • халық тығыз орналасқан жерлерге бармау;
  • бетперде қолдану;
  • үй-жайларды жиі желдету, ылғалды тазалау;
  • түшкіріп, жөтелген кезде ауызды/мұрынды бет орамалмен жабу,
  • жеке бас гигиенасын сақтау (жиі қолды сабынмен жуу),
  • тиімді тамақтану, сұйық тағам молынан пайдалану, дәрумендер қолдану,
  • физикалық белсенділік.
Shares:

Related Posts

Медицина

Тұмаудан қалай қорғануға болады: маман кеңесі

Тұмау – ауа-тамшылы жолмен таралатын тыныс жолдарының қабынуымен сипатталатын жұқпалы  втрустық ауру. Сырқаттанудеңгейікүзгі-қысқымаусымдықкезеңде жоғарылайды. Тұмау вирусы бүкіләлемдекездеседі, эпидемия таратады. Және де жас талғамайды, яғни  кез келген жастағы адамдарға жұғады. Вирусқа жоғары
Медицина

Жатырішілік инфекциялар

Жатырішілік инфекциялар – ұрықтың және жаңа туған нәрестенің инфекциялық-қабыну патологияларының тобы, әртүрлі қоздырғыштар тудырады және ұрықтың дамуы және босану кезеңінде ұрықтың инфекциясы салдарынан дамиды. Жатырішілік инфекциялар ұрықтың жатырішілік дамуының кешеуілдеуіне,
Медицина

Дүние жүзінде 300 мыңнан астам әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болады

Әйелдердегі АПВ –  бұл шырышты қабаттар мен теріні зақымдайтын кең таралған инфекция. Ол ұзақ уақыт бойы жасырын түрде ағзада «өмір сүруімен» қауіпті. Патологияның белгілері иммунитеттің төмендеуімен ғана байқалады.Қатерлі ісік қаупі
Жетісу облысы

Биыл  Жетісу облысында  94  медициналық  нысан  іске  қосылады

Денсаулық  сақтау  саласын  дамыту  мақсатында  осы  жылдың  бірінші  жартыжылдығында  облыстағы  бірқатар медицина мекемелері жаңа құрал-жабдықпен толықты. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау басқармасының басшысы мәлімдеді. Сала маманы есепті кезеңде Жетісу облысында 94 
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *