Жаңалықтар

Алматы облысында 1746 жас әскерге шақырылады

Алматы облысында көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Өңірде 1746 жас мерзімді әскери қызметке шақырылатындардың қатарына жатады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды.

18 бен 27 жас аралығындағы жігіттер отан алдындағы борыштарын өтеуі тиіс.   Әскеге шақыру хабарламалары 1414 бірыңғай байланыс орталығының сервисі арқылы,  сондай-ақ үй және жұмыс мекенжайларына жіберілетін дербес шақыру қағаздарын жіберу негізінде жүзеге асырылады.

«890 әскерге шақырылушы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде, қалған 856-ы Ұлттық ұланның, Мемлекеттік күзет қызметінің және ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімдерінде қызмет өткеретін болады», — дейді Алматы облысы Қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары, шақыру басқармасының бастығы, полковник Дулат  Акишев.  

Жалпы, азаматтарды әскерге шақыру науқаны жылына екі рет өтеді. Ол наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында жүзеге асады.

Қонаев қаласы қорғаныс істері басқармасының шақыру бөлімінің бастығы, капитан  Джамила  Бухарбаева әскерге шақыру ашық түрде жүргізілетінін атап өтті.

Оның айтуынша, шақыру комиссиясының жұмысына жұртшылық қатыса алады екен.

 

 

 

 

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Текелідегі құтқару: тұрғынның қырағылығы мен полицейлердің жедел әрекеті жас жігіттің өмірін сақтап қалды

31 наурыз күні Текелі қаласында жергілікті тұрғынның қырағылығы мен полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттері 22 жастағы Тимур Абдулиннің өмірін сақтап қалуға көмектесті. Ес-түссіз жатқан жігіт қаладағы кешендердің бірінің жертөлесінен табылған. Кешкі
Жаңалықтар

Жетісу аумағында жолдардағы қауіпсіздікті арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде

Жыл басынан бері 49 жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді. Алайда осы шараларға қарамастан, жыл басынан бері 596 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 120 адам қайтыс болып, 876 адам жарақат алды. Ең қауіпті
Жаңалықтар

Жетісу облысында су басу қаупі бар 47 елді мекен анықталды

Бүгінгі таңда облыс аумағында су тасқыны жағдайы тұрақты. «Қазгидромет» алдын ала болжамына сәйкес, су басу қаупі жоғары аймақтарға Алакөл, Ескелді, Кербұлақ және Көксу аудандары жатқызылған. 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *