ЖаңалықтарЖетісу облысы

Жетісуда бір жыл ішінде шекарадан 577 мың автомобиль өтті

Жетісу облысында көлік құралдарының шекара арқылы өтуін қатаң бақылау жалғасуда. Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, 2024 жылы «Алакөл» және «Нұр Жолы» кеден бекеттері арқылы 577 мың автокөлік құралы өткен.
Аймақта 6 өткізу пункті бар, оның 5-і Қытаймен шекарада:
– Автомобиль өткізу пункттері – «Алакөл», «Нұр Жолы», «Қорғас ХШЫО».
– Теміржол өткізу пункттері – «Алтынкөл-жол», «Теміржол».
– Ішкі өткізу пункті – Талдықорған қаласы.
Кеден бекеттерінің өткізу қабілетін арттыру үшін бақылаудың жаңа технологиялары енгізілді. Атап айтқанда, «Нұр Жолы» өткізу пунктінде өздігінен жүретін және мамандандырылған техниканы қабылдау және ресімдеу рәсімі оңайлатылды – ол интеграцияланған бақылау жүйесінде тіркеусіз бірден уақытша сақтауға жіберіледі.
2024 жылғы 4 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Қытайға жүк тасымалдары үшін «С» үлгісіндегі электрондық рұқсат беру жүйесін іске қосты. Енді барлық рұқсат беру құжаттары «E-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы арқылы ресімделеді.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

ҰҚК Шекара қызметі азаматтарды әскери қызметке шақырады

Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында ҚР ҰҚК Шекара қызметіне әскери қызметке шақыру туралы баспасөз-мәслихаты ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің кадр бөлімінің бастығы
Жетісу облысы

Жетісуда көкжөтел инфекциясы тіркелді

Облыста алғашқы нақтамамен көкжөтел инфекциясының 5 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 1 жағдай клиникалық жолмен расталды. Расталған жағдай 1 жасқа дейінгі ұйымдастырылмаған топқа жатады. Яғни, бала аталған дертке қарсы вакцинасын алмаған.
Жетісу облысы

«Alakol Fest – 2024»: Алакөл көлінің жанындағы керемет жазғы оқиға!

20 шілдеде Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ақши ауылында көптен күткен ашық аспан астындағы «Alakol Fest – 2024» музыкалық фестивалі өтеді. Бұл іс-шара Алакөл көлінің жағасында демалуға және жазғы кештерден ләззат
Жетісу облысы

Жетісу облысында жыл басынан отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты 200-ден астам шағым түскен

Оның 173-і Әкімшілік кодекстің 73 бабы бойынша отбасындағы құқыққа қарсы әрекет. Оның 31-і ұрып-соғу дерегі. Жыл сайын мұндай әрекеттер көбеюде. Цифрды азайту үшін отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімшелер
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *