Жаңалықтар

Алматы облысында NEEТ жастарының саны 26 мыңға дейін азайды

Алматы облысында жастарды жұмыспен қату деңгейі жоғары. Өткен жылы 24 932 жас жұмысқа тұрған. Осылайша, NEEТ санатындағы жастар саны 26 186 адамға дейін төмендеген. Бұл көрсеткіш 2023 жылы 46 мыңды көрсеткен еді.

Алматы облысы жастар саясаты басқармасының басшысы Мади Ахметовтың айтуынша, бұл жұмыстар Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жалғасын табады.

Бас құжатта көрсетілген 7 негізгі бағыт бойынша Алматы облысында арнайы іс-шаралар жоспары бекітілген. Соның ішінде NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру  жұмысына ден қойылған.

 

«Биыл сауда орындарында  ресми тіркеусіз жұмыс жасап жүрген жастарға басымдылық берілетін болады. Облыс аймағындағы барлық сауда-саттық орындарының басшылығымен тиісті жұмыстар жүргізіледі. Аталған бағыт бойынша кемінде 500 жастың еңбек қатынасын ресми тіркейтін боламыз»,-дейді Алматы облысы жастар саясаты басқармасының басшысы Мади Ахметов.

Ресми деректерге сүйенсек, өткен жылы 217 жұмыссыз жас кәсіптік дағдыларын қалпына келтіру үшін,, ал 1267 адам «Бастау бизнес» жобасы аясында  қысқа мерзімді оқудан өткен.  Бүгінгі күні 88 жастың бизнес-идеялары қолдау тауып, 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз грантқа ие болған жайы бар.

«Қазіргі таңда облыста 2025 жылға жұмыс орындарын құрудың Өңірлік картасы бекітілді. Құжатқа сәйкес, 60 230 жұмыс орыны құрылса, 18 744 жас жұмысқа тартылады деп жоспарланған»,-дейді Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Жансерік Адиахметов.

Жастар саясаты төңірегіндегі кешенді шаралар мұнымен шектелмейді.  Биыл «Сақтан» және «Адал адам – адал еңбек» жобалары іске асатын болады.

Бұдан бөлек, жастарға заманауи ХАБ ашу көзделген. Жоспарды жүзеге асыруға демеушілер ықпал етпек. Соның нәтижесінде Талғар ауданы, Панфилов ауылдық округіндегі  мәдениет үйі қайта жаңарып, жастарға арналған бірегей орталыққа айналмақ.

 

«Жалпы, биыл  жастарды қолдауға бағытталған 12 тармақтан тұратын кешенді жоспар бекітілді. Жыл соңына дейін барлық шаралар аясында тікелей 100 мың жасты, жанама түрде 300 мың жасты қамту көзделіп отыр»,-деп қорытындылады Мади Ахметов. 

 

 

 

 

 

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті

Журналистер үйінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Іс-шараны облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев жүргізді. Министр БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап беріп, өз пікірін білдірді.
Жаңалықтар

Жетісуда бәсекелестік пен тұтынушылар құқықтарын қорғауда нақты нәтижелерге қол жеткізілді

Жетісу облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті өңірдегі бәсекелестік ортаны дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша бірқатар маңызды нәтижелерге қол жеткізді. Бұл туралы Жетісу облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің
Жаңалықтар

Биыл мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығының құрылысы басталмақ

Жетісу облысында халықты әлеуметтік қорғау және мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында мемлекеттік саясат табысты жүзеге асырылуда. Бұл туралы толығырақ Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы
Жаңалықтар

Жетісу облысындағы экологиялық жағдай: ластауыш заттардың көлемі азайды

Жетісу облысында қоршаған ортаны қорғау бағытында оң динамика байқалды. Өткен жылы ауаны ластаушы заттардың шығарындылары 13,3 мың тоннаға жетіп, бекітілген жылдық лимиттен айтарлықтай төмен болған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *