Жаңалықтар

Алматы облысында алғаш рет шок толқынды терапия қолданылды

Бұрын соңды болмаған. Қазақстанда алғаш рет медицинада шок толқынды терапия қолданылды. Бұл инфаркт пен инсульттің алдын алады, — дейді мамандар. Жаңа әдісті арнайы аппараттың көмегімен қытайлық дәрігерлер ота жасау арқылы көрсетті.

Шок-толқындық терапия ишемиялық жүрек аурулары кезінде қажет. Елімізде әдіс алғаш рет Алматы облысында қолданылды. Алдымен қытайлық дәрігерлер коронарлық тамыр-ішілік литотрипсияның барысын, күресу жолын түсіндіру мақсатында ақ халаттыларға шеберлік сағатын ұйымдастырды. Жүректің ишемиясы оның ішінде, коронорлық артериялар күрделі зақымдалған кезде қан жүру қиындайды, тамыр тарылады.

«Жаңа технология бойынша шеберлік сабағын өткізіп жатырмыз, ол баллон ішіндегі литротрипсия деп аталады. Бұл технология ауыр стеноз жағдайларында, әсіресе кальцификаттар кезінде қолданылады, яғни стандартты баллондар арқылы тамырды кеңейту мүмкін болмайтын кезде. Технологияның бастапқы нұсқасы Америкада ұсынылған, ал қазіргі уақытта Қытайда өндірілуде. Қытайдың 15 үздік клиникасында зерттеу жүргізілген», – дейді ЮЙ СЯО ЛИНЬ СИНЬЦЗЯН жүрек-қан тамырлары және панваскулярлық медицина институты кардиология бөлімінің дәрігері.

Шеберлік сағат артынша мамандар аппараттың қолданылу жайын ота жасау барысында таныстырды. 75 және 47 жастағы екі науқасқа ота жасалды. Қазір науқастардың жағдайы тұрақты. Жаңа тәсіл Қарасай аудандық көпбейінді клиникалық ауруханасында жүзеге асты. Мекемеде эндовоскулярлық хирургия 2022 жылы ашылған. МӘМС және ТМККК шеңберінде 2023 жылы жүрек ишемиясына 740, 2024 жылы 953 ота тегін жасалды. Бұл жыл сайын дерттің дендеп келе жатқанын көрсетеді.

«Осыған дейін бұл аппаратқа аналог түрінде пациенттерді ем алуға Кардиология институтына жолдамамен жолдайтынбыз. Енді біз мұндай медициналық құрылғыны өзімізге алатын болсақ, ондай оталарды аурухана қабырғасында жасай береміз. Бүкіл әлемде қолданылатын аппарат толқынмен соққылау, коронарлық тамырлары кальциймен күрделі зақымданған науқастарды емдеу кезінде қажет. Бұл науқастың дер кезінде толыққанды емделуіне септігін тигізеді. Шеберлік сабағы дәрігерлердің кәсіби дамуы үшін үлкен мүмкіндік туғызды», – дейді Қарасай аудандық ауруханасының бөлім меңгерушісі Орынбасар Тайманұлы.

Шок-толқынды терапия АҚШ, Еуропа елдерінде қолданылды. Қан айналым жүйесі зақымданған науқастарға енді жаңа мүмкіндік. Бұл ауру қырықтан асқан азаматтарда жиі байқалады, – дейді мамандар. Алда Алматы облысында мұндай ем қолданылатын болса, шұғыл жағдайда Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, ал жоспарлы түрде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың аясында тегін түрде азаматтарға қолжетімді болмақ.

 

ӘМСҚ Алматы облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

МӘМС жүйесінің артықшылықтары түсіндірілді

Жұмыс берушілер МӘМС төлемдерінің екі түрін жасайды: біріншісі – ай сайын қызметкер жалақысының 3% мөлшерінде өз қаражатынан төлейтін аударымдар. Ол аударымдардың ең жоғары сомасы айына 10 еселенген ЕТЖ**-дан 3% -
Жаңалықтар

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы «16 күн» науқаны басталды

  «16 күндік белсенділік» атты екі аптаға жалғасатын науқанның басты мақсаты- тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. Іс-шара 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтеді. Сандарды сөйлетсек, жаға ұстатарлық. Жыл басынан 3943
Жаңалықтар

Алматы облысында 10 мың тоннаға жуық инертті материал әзірленді

  Алматы облысында қар басу, қар көшкіні, көктайғақ және жол-көлік апаттарына қарсы арнайы дайындық шаралары жүргізілді. Бұл туралы Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті басқармасының аға инженері Дінмұхамет Құсайынұлы баспасөз мәслихатында
Жаңалықтар

Қаржы пирамидасы – қоғамды дендеген дерт

Б.Құранбек ағамыз көзі тірісінде көтерген әлеуметтік мәселелердің бірден  бірі  – қаржы пирамидасы. Кезінде «Айтуға оңай» бағдарламасында көтерілген тақырып бүгінде алып бәйтеректей тамыры жайылып, үлкен кеселге айналып барады. Ең  өкініштісі оның
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *