ЖаңалықтарЖетісу облысы

Мопед жүргізушілеріне жаңа талаптар енгізіледі

5 сәуірден бастап мопед жүргізушілеріне қойылатын талаптар күшейеді. Енді көлікті тіркеусіз және жүргізуші куәлігінсіз басқаруға тыйым салынады. Бұл туралы Жетісу облысының полиция департаменті хабарлады.

Жаңа ережеге сәйкес, мопед иелері өз көлігін міндетті түрде полицияда тіркеуі керек. Сондай-ақ, оларда A1, A немесе B санатындағы жүргізуші куәлігі болуы шарт. Бұдан бөлек, техникалық тексеруден өтіп, міндетті сақтандыру рәсімдерін орындау қажет.

Тіркелмеген мопедтер мен жүргізуші куәлігі жоқ азаматтарға айыппұл салынады. Қазіргі уақытта облыста 189 мопед тіркелген.

Егер 5 сәуірге дейін тиісті құжаттар рәсімделмесе, жүргізушілер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 612 және 590-баптарының 2-тармағы бойынша жауапкершілікке тартылады.
Полиция өкілдері тұрғындарды жол қауіпсіздігін сақтауға және жаңа талаптарды орындауға шақырады.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Алматы облысында 2024 жылы 90 дәрігер жұмысқа орналасты

  2024 жылы Алматы облысындағы медициналық мекемелерге 90 дәрігер жұмысқа орналасты. Облыста кадр тапшылығын төменту мақсатында жас мамандарды қызметтік тұрғын үймен және жалға берілетін пәтерлермен қамтамасыз етудің өңірлік бағдарламасы іске
Жетісу облысы

Жолда жүру ережелеріне қатысты жаңа өзгеріс күшіне енді

6 мамырдан бастап елімізде жолда жүру ережелеріне қатысты жаңа өзгеріс күшіне енді.  Енді тұтас бір жолақты сызықты басып, қарсы бағытқа шығып көліктен озғандар, жарты жылға жүргізуші куәлігінен айырылады. Жол қозғалысындағы
Жетісу облысы

Жетісу аумағындағы «Крещение» рәсімі кезінде суға түсу орындары белгілі болды

Жыл сайын 19 қаңтарда православтық христиандар «Крещение Господня» мерекесін атап өтеді. Бұл күні дәстүр бойынша діни іс-шаралар, оның ішінде құдайға құлшылық ету, өзенге бару, суға жаппай шомылу немесе су құю
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *