Жаңалықтар

Алматы облысында былтыр 6 мың гектардан астам орман алқабын өрт шалған

Өңірде ауа температурасының жоғарылауына байланысты өткен аптада ғана құрғақ шөп пен қамыстың өртеніп, 26 оқиға тіркелді.Бұл туралы Алматы облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығы Самат Кенжеханұлы айтты.

 

Облыс аумағының 3,2 миллион гектарын мемлекеттік орман қоры мен ерекше қорғалатын аумақтар алып жатыр, оның 1,6 миллион гектары орманды жерлер. 2024 жылдың өрт қауіпті кезеңінде орман шаруашылығы мекемелерінің аумағында 19 өрт тіркелді, өрт аумағы 6083 га, өрттен келген шығын 5 млн 805 мың теңгені құрады.

 

«Құрғақ шөптің өртенуіне әкеп соққан Өрт қауіпсіздігінің белгіленген ережелерін бұзғаны үшін 24 жеке және заңды тұлға 1 млн 449 мың теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,-деді спикер.

 

Ресми деректерге  сүйенсек, көктемгі-жазғы уақытта болатын өрттердің 90 пайыздан астамының себебі құрғақ шөпті жағу, ғимараттар маңындағы қоқыстарды жағу, сөндірілмеген темекі тұқылдарының тасталуы, балалардың отпен ойнауынан орын алады екен.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Талғарлық дәрігерлер ауыр хәлдегі науқасты құтқарды

Хирургиялық тәжірибеде бірінші кезектегі және екінші кезектегі немесе маңызды және маңызсыз жағдайлар жоқ. Әрбір жағдай әр адамның организмі сияқты ерекше. Тек тәжірибе мен хирургтың өз біліктілігін арттыруға деген талпынысы адам
News

NIS Қытайдың жетекші университетімен меморандумға қол қойды: түлектерге шәкіртақы беріледі

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы халықаралық ынтымақтастығын кеңейтуде. Жаңа серіктестер қатары Азиядағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Шэньчжэнь қаласындағы Гонконг Қытай университетімен (CUHK-Shenzhen) толықты. Ынтымақтастық туралы меморандумға
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *