Жаңалықтар

Аманаттықтар әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын талқылады

Алматы облысында «AMANAT» партиясы жанындағы отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Кеңес мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылысына тоқталды.

Атап айтқанда, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған 3 дағдарыс орталығы мен ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған оңалту орталықтарының іске асу барысы қаралды.

Жиынға облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ержан Ділдәұлы қатысып, тиісті баяндама жасады.

Сонымен қатар, кеңес құрамына бірқатар өзгерістер енгізілді. Кеңес мүшелері барлық ұсынылған мәселелерді бірауыздан қолдады.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жалған шот-фактура жазған 7 ұйымды әшкереледі

Департамент көлеңкелі экономикаға қаражат шығаратын субъектілермен күреске басымдық беріп отыр. Жалған ақша жасаушылар, контрабандашылар және контрафактілік өнім өндірушілер сияқты заңсыз схемалардан тазарту үшін жедел-тергеу әрекеттері іске асырылады. Бүгінгі күні, өндірісте
Жаңалықтар

Алматы облысының киберполицейлері интернет-алаяқтыққа қарсы «Antifraud-орталық» жұмысының тиімділігін айтты

Алматы облысының киберполицейлері Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте интернет-алаяқтықпен күрестің кешенді шаралары жайлы ақпарат берді. Құқық қорғау органдарының өкілдері азаматтарды киберқауіптен қорғаудың жаңа әдістері мен алаяқтық схемаларды дер кезінде анықтау
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *