Жаңалықтар

МӘМС: Учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз бейінді мамандарға қаралуға бола ма?

Учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз бейінді мамандарға қаралуға болады. Бұл туралы ӘМСҚ КЕАҚ Алматы облыстық филиалы өкілдері мәлімдеді. 

Кейбір жағдайларда бейінді маманға алғашқы буын дәрігерінің жолдамасынсыз жазылуға болады (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37 бұйрығымен бекітілген амбулаториялық жағдайдағы мамандандырылған медициналық көмекті көрсету қағидаларының 12-тармағына сәйкес):

  1. шұғыл жағдайлар және жарақат алу;
  2. стоматологиялық көмек алу үшін жекелеген санаттағы пациенттердің жүгінуі;
  3. дерматовенерологиялық бағыттағы ауруларға байланысты бейінді маманға жүгіну;
  4. акушер-гинекологқа (жүктілік есебіне қоюдан басқа жағдайларда) және тіркелген жері бойынша психологқа жүгіну;
  5. онкологиялық және гематологиялық бейіндегі ауруларға күдік туындаған жағдайда бейінді маманға жүгіну;
  6. жастар денсаулық орталықтарына жүгіну (өз еркімен);
  7. динамикалық бақылауда тұрған пациенттің бейінді маманға жүгінуі;
  8. бір жағдай аясында бейінді маманның қайта қабылдауы, сондай-ақ жаңа түзіліске күдік туындаған жағдайда;
  9. көшпелі медициналық кешендер мен медициналық пойыздар қызметін алу.
Shares:

Related Posts

News

Ғылымның болашағы: IESO 2025-те Ақжол Болат!

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Ақжол Болат IESO - 2025 халықаралық олимпиадасына финалдық іріктеу турының жеңімпазы атанды! Биыл халықаралық олимпиада Қытай мемлекетінде өтетін болады. IESO (International Earth Science Olympiad)
Жаңалықтар

Алматы облысы Әділет департаменті жыл басынан 14 мың азаматқа тегін көмек көрсетті

  Жыл бойы тұрғындардан 6502 өтініш түсіп, олардың әрқайсысына толық әрі қанағаттанарлық жауап берілген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Әділет департаменті басшысының орынбасары Нұржан Сатубеков баяндады. Департамент өкілінің айтуынша,
Жаңалықтар

Жетісуда мереке күндері қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етілді

Жаңа жыл мерекелері кезінде Жетісу облысы аумағында 6 өрт оқиғасы, 1 улы газбен улану жағдайы және 1 авариялық-құтқару операциясы тіркелді. Құтқару операциясы барысында 11 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды.
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *