Жаңалықтар

 Алматы облысы: «109» бірыңғай  байланыс орталығы жасанды интеллекті қолданатын болады

Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның толық цифрландырылуы мен жасанды интеллектінің жедел дамуын стратегиялық міндет ретінде айқындады. Осы бағытта Алматы облысында цифрлық технологияларды енгізу және дамыту бойынша нақты шараларды жүзеге асыруда.

Атап айтар болсақ, 2024 жылғы 15 мамырда облыс орталығында IT саласын дамытуға арналған басты алаң – Alatau Hub өңірлік инновациялық орталығы ашылды. Alatau Hub базасында 13 стартап-жоба жүзеге асырылуда, соның ішінде UmaiAL жобасы да бар. Бұл – қазақ тілін үйренуге арналған Telegram-бот.

Архивтік деректерде цифрландыруға көшкен. Бүгінде  Алматы облыстық мемлекеттік архиві мен оның 10 филиалы «Е-Архив» электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс жасайды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде былтырдан  бастап 12 334 іс цифрландырылып, оның ішінде 10 453 іс «Е-Архив» жүйесіне енгізілді.

«Мемлекет-жекешелік әріптестік жобасы аясында бейнеаналитика функциялары бар 9 100 бейнебақылау камерасы орнатылды. Жасанды интеллект 109 байланыс орталығының жұмысына енгізілетін болады. Ол азаматтардың өтініштерін талдап, жедел қызметтермен өзара іс-қимылды жақсартуға мүмкіндік береді»,-деді цифрлық технологияларды дамыту басқармасының басшысы Жандос Ақыл.

Жауаптылардың сөзіне сенсек,  жаппай цифрландыру және жасанды интеллектіні кеңінен енгізу міндеті өңірде толықтай іске асырылып отыр.

 

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Асанәлі Әшімовтың тағдыр тақтасы

Қазақтың театр және кино өнеріне өлшеусіз үлес қосқан өнер тарланы, КСРО-ның  Халық  әртісі, Қазақстанның Еңбек ері, даңқты актер Асанәлі Әшімұлы Жетісу жеріне гастрольдік сапармен келді. Театр ұжымының аялдамасы Бикен Римова
Жаңалықтар

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Жетісулықтардың жеңіс тарихы» атты жинағы жарық көрмек

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай облыс әкімінің қолдауымен, Жетісу облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Жетісулықтардың жеңіс тарихы» атты жинақ дайындалуда. Кітаптың 1000 данадан аса нұсқасын шығару жоспарлануда. Бұл
Жаңалықтар

XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне 15-тен астам ел қатысады

2024 жылдың 24–30 қарашасы аралығында Алматы тағы да мәдениеттер, дәстүрлер мен жаңашыл идеялар тоғысқан орынға айналады. Орталық Азиядағы ең ірі XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде әлемнің түкпір-түкпірінен режиссерлер, актерлер, сценаристер мен
Жаңалықтар

«Кеңес орталығы»: тұрғындарға МӘМС жүйесінің маңызы түсіндірілді

Алматы облысы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен тұрғындарға мемлекет мүмкіндіктерін түсіндіру мақсатында «Кеңес орталығы» жобасы жалғасын тапты. Шара аясында Қонаев қаласының халық көп шоғырланған орындарда түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы жолғы «Кеңес
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *