Жаңалықтар

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау қашан басталады?

1 сәуір мен 31 тамыз аралығында білім мекемелеріне 2025-2026 оқу жылында оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау басталады. Бұл туралы Алматы облысы білім басқармасының орта білім беруді дамыту бөлмінің бас маманы Ақмарал Атенбекова баспасөз-мәслихатында айтты.

ҚР заңнамасына сәйкес, мектеп жасындағы әр бала орта білім алуға міндетті. Сондықтан, білім беру ұйымдары балаларды дайындық деңгейіне қарамастан, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауы тиіс.
Баланы 1-сыныпқа қабылдау үшін келесідей құжаттар қажет:
1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен өтініш;
2) ЖСН көрсете отырып, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) баланың 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуреті;
4) Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандары, «Профилактикалық екпелер картасы» № 065/у нысанды және «Бала денсаулығының паспорты» № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар;

«Құжаттарды қабылдау «электрондық үкімет» веб-порталы және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арқылы қағаз тасығышта жүзеге асырылады. Оқушыларды мектепке қабылдау бойынша ағымдағы жылдың 26 наурыз күні барлық мекеме басшыларымен ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді»,-дейді спикер.

Айта кетейік, биылғы жылы Алматы облысында 37 мың баланы 1-сыныпқа қабылдау жоспарда бар.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Антиконтрафакт» республикалық акциясы басталды

Жетісу облысының Әділет департаменті 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында өтетін «Антиконтрафакт» республикалық акциясының басталғанын хабарлайды. Акцияның мақсаты – зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және контрафакт өнімдерінің таралуы туралы халықтың хабардарлығын
Жаңалықтар

Жетісу облысында заңсыз балық аулаудың 14 фактісі анықталды

Жетісу облысында балық қорын сақтау үшін күрес күшейе түсуде. Жетісу су айдындарында инспекция мен құқық қорғау органдары бірлесіп жүргізген рейдтік іс-шаралар нәтижесінде заңсыз балық аулаудың 14 дерегі тіркелді. Тексеру барысында
Жаңалықтар

«Рахат» бастауыш партия ұйымы әлеуметтік қолдау шараларын жалғастыруда

AMANAT партиясы Еңбекшіқазақ ауданындық филиалына қарасты «Рахат» бастауыш партия ұйымы қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, Рахат ауылдық округінің Өрікті ауылында тұратын 9 отбасыға демеушілік көмек есебінен қысқы отын жеткізіп берді. Бастауыш партия
Жаңалықтар

Қарғалыда «Кедергісіз келешек» жобасы аясында 15 маңызды іс-шара өтті

Қарғалы ауылында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау мақсатында «Кедергісіз келешек» жобасы жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Басты мақсат – ауылдағы 743 мүмкіндігі шектеулі азамат пен 25-тен астам ерекше баланың өмір сапасын
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *