Медицина

Дүние жүзінде 300 мыңнан астам әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болады

Әйелдердегі АПВ –  бұл шырышты қабаттар мен теріні зақымдайтын кең таралған инфекция. Ол ұзақ уақыт бойы жасырын түрде ағзада «өмір сүруімен» қауіпті. Патологияның белгілері иммунитеттің төмендеуімен ғана байқалады.Қатерлі ісік қаупі жоғары адам папилломавирусы жатыр мойны обырының дамуының негізгі этиологиялық факторы болып табылады. 97% — да жатыр мойны обыры осы вируспен байланысты. Созылмалы вирус белгілі бір жағдайларда жатыр мойны обырының дамуына әкелуі мүмкін.

Жатыр мойны обыры дамыған елдердегі әйелдерде жиі кездесетін қатерлі ісіктердің бірі болып табылады. Жыл сайын дүние жүзінде жатыр мойны обырының (ЖМО) 600 000-нан астам жаңа жағдайлары анықталады және 300 000-нан астам әйел осы аурудан қайтыс болады. Қазақстанда жылына жатыр мойны обырының 1900-ден астам жаңа жағдайы тіркеліп, жыл сайын 600-ден астам әйел қайтыс болады. Соңғы 20 жылда республикамызда жатыр мойны обырына шалдығу көрсеткіші 26 %-ға өсті. Жетісу облысында бүгінгі таңда жатыр мойны обырымен 557 әйел есепте тұр.

«Қазақстанда жатыр мойны обыры (ЖМО) барлық жастағы әйелдер арасында обырдың түрлерінің таралуы бойынша сүт безі обырынан кейінгі екінші  орында және фертильді жастағы (25-44 жас) әйелдердің өлімі себебінің жилігі бойынша сүт безі обырынан кейін екінші орында тұр.Бүгінде папиллома вирусын жұқтырудың және жатыр мойны обырының дамуының алдын алудың жалғыз әдісі-вакцинация. Сондықтан адам папиллома вирусына қарсы вакцина алу өте маңызды. Қазақстанда 2024 жылдың күзінен бастап Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес, ата-анасынан немесе қамқоршыларынан рұқсат алынғаннан кейін 11 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы ерікті вакцинациялау жүргізілуде», — дейді Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары Индира Кунбасова.

Жетісу облысында облыста 5423 қыз балаға иммундау жүргізілді. Вакцинацияның толық курсы – алты айлық аралықпен екі доза. Сонымен қатар 12-13 жастағы қыз балаларға толықтыра вакцинациялау жүргізілуде. Жүргізілген зерттеулер вакцинаның қорғанышы ұзақ мерзімді екенін көрсетті. Зерттеулер нәтижесінде вакцинаны енгізгеннен кейін 10 жыл ішінде вакциналардың иммуногенділігі төмендемегені дәлелденді. АПВ-ға қарсы вакцинаның құрамында тірі вирустар жоқ, иммунитетті белсендіретін және ешқандай ауру тудырмайтын вирустың жеке ақуыздары қолданылады.

Вакцинация үшін қолданылатын АПВ-ға қарсы төрт валентті «Гардасил» вакцинасын ДДҰ ұсынған және сертификаттаған, ол қауіпсіз және тиімді, сараптаманың барлық сатыларынан және Қазақстанда тіркеуден өткен. АПВ-ға қарсы вакцина аурудың себебі АПВ болып табылатын жатыр мойны обырынан және басқа да онкологиялық аурулардан қорғайды.

 

 

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында кене шағуының 470 жағдайы тіркелді

Жыл басынан бері Жетісу облысында 470 кене шағу тіркелді. Оның ішінде 230 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында орын алды. Кене энцефалитінің эндемиялық аймағына Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан аудандары
News

Жетісу облысында 78 адам донорға мұқтаж

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды. Баспасөз мәслихаты облыстық дәрігерлердің қатысумен  өтті. Мамандардың айтуынша, бүгінде елімізде 4 мыңнан астам адам ағза донорына мұқтаж. Жетісу облысында 72 адам
Жаңалықтар

Реттеудің жаңа тетігі дәрілік заттардың бағасын төмендетуге мүмкіндік береді

Қазақстанда ТМККК, МӘМС шеңберінде ем алатынпациенттерді қамтамасыз ету үшін және дәріханалардың бөлшек сауда желісінде сатылатын препараттардың шекті құнын төмендетуді көздейтін дәрілік заттардың бағасын реттеудің жаңа тетігі жұмыс істейтін болады, деп
Қоғам

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ҚЫЗЫЛША АУРУЫ АСҚЫНЫП ТҰР: ауруға шалдыққандардың 83%-ы вакцинацияланбаған

Жетісу өңірінде өршіп тұрған өзекті инфекциялардың бірі – қызылша ауруы. Облыстың барлық аумақтарында тіркелген бұл сырқатқа шалдыққандар саны биыл 381 адам. Оның 215-і 5 жасқа толмаған балалар. Ауа-тамшыларымен тарайтын жұқпалы
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *