Медицина

Көкжөтелдің алдын алу шаралары

Көкжөтелауа-тамшылы жұғу жолымен немесе қатынас арқылы берілетін инфекциялық ауру. Көкжөтелдің қоздырғышы — Bordetella тектес бактериялар болып табылады. Көкжөтел спазмды жөтел ұстамаларымен байқалады және жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарының қабынуымен қоса жүреді. Жұқтыру сәтінен бастап алғашқы клиникалық белгілерге дейін 2 күннен 14 күнге дейін өтеді. Сонымен қатар, көкжөтелдің клиникалық белгілері аурудың басталуынан 2 аптадан кейін өзін көрсете бастайды.

Көкжөтел ерте жастағы балалар үшін өкпе қабынуы, ми зақымдануы немесе басқа да асқынуларымен қауіпті. Науқас алғашқы белгілер пайда болған сәттен бастап 25-30 күн бойы басқа адамдарға жұқтыруы мүмкін.

Жетісу облысы бойынша жыл басынан көкжөтелдің 3 жағдайы тіркелді. Барлық 3 жағдай 14 жасқа дейінгі вакцинацияланбаған балаларарасында анықталды.Оның ішінде екпеден бас тарту -1, медициналық шектеу -1, белгісіз -1. Өткен жылмен салыстырғанда төмендеу байқалады, бірақ республикадағы жағдай тұрақсыз болып қалуда.

Көкжөтелдің клиникалық белгілері:Алғашқы кезеңде (катаральды кезең) балалардағы көкжөтел белгілері ЖРВИ-ге ұқсайды. Яғни, мұрынның бітелуі, түшкіру, дене қызуының 38°С-қа дейін көтерілуі, тоқтаусыз қатты құрғақ жөтел, жөтел кезінде ауа жетіспеушілігін сезіну, түнгі уақытта жөтелдің күшеюі, әлсіздік және шаршау, тыныс алудың қысқа мерзімді тежелуі (кішкентай балаларда).

«Көкжөтелдің ауыр жағдайында асқынулар, тіпті өлімге әкелуі мүмкін, бірақ олар сирек кездеседі. Тәуекел тобына өмірдің бірінші айындағы балалар, әсіресе шала туғандар және туа біткен инфекциясы бар балалар жатады.  Мүмкін болатын асқынулар: цереброваскулярлық бұзылыс, бассүйек ішілік қан кету, гипоксиялық церебральды ісіну, бактериалды пневмония, плеврит, бронхит, жарылған құлақ қалқандары, отит және синусит, грыжа пайда болады», — деп атап өтті Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары Индира Кунбасова.

Көкжөтелді емдеу:Балалардағы көкжөтелді емдеу әдетте үй жағдайында жүргізіледі. Аурудың ауыр ағымы кезінде және пациент екі жасқа толмаған жағдайда ғана инфекциялық стационарға жатқызылу қажет. Бала айналасындағылар үшін қауіпті кезеңде үйде оқшаулануы қажет. Науқастың бөлмесі жиі желдетілуі керек. Ылғалдандырғыш қондырғыларды орнату жөтелдің жиілігін төмендетеді. Дәрігердің нұсқауы бойынша витаминді-минералды кешендерді қабылдау керек.

Көкжөтелдің алдын алу шаралары:Көкжөтелдің алдын алудың жалғыз тиімді жолы — вакцинация.Көкжөтел тоқтатылатын ауру, Ұлттық иммундау күнтізбесіне сәйкес вакцинациялау арқылы инфекция мен асқынулардан оңай құтылуға болады.Вакцинация жоспар бойынша 2, 3, 4 айда ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі, қолданылатын вакцина — құрамдастырылған, АбКДС (дифтерияға, сіреспеге, көкжөтелге (жасушалы), В гепатитіне, полиомиелитке (инактивтендірілген) жәнегемофилді жұкпаның b типінеқарсы вакцина. Сондай-ақ 1,5 және 6 жаста қайта егу жүргізіледі. Вакцинация көкжөтел инфекциясының алдын алады немесе инфекция жеңіл түрде өтеді.

 

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Күзде адам папилломавирусына қарсы вакцинация басталады

2024 жылы адам папилломавирусына қарсы вакцина Ұлттық вакцинация күнтізбесіне енгізілді. Бұл аурудан қорғаудың тиімді әдісі. Екпені Жетісу облысындағы 11-14 жасар 6000-ға жуық қыз балаға егу жоспарлануда. Шара осы жылдың күзінде
Жетісу облысы

Жетісу облысында менингит ауруы бойынша 11 жағдай тіркелген

Облыста 14 жасқа дейінгі балалар арасында серозды менингиттің бір жағдайы тіркелді. Менингит - бұл ми мен жұлын мембраналарының қабынуы. Бұл әртүрлі себептер мен формаларға ие болуы мүмкін ауыр ауру. Менингиттің
Қоғам

Соңғы 10 айда Жетісу облысында 700-ден астам адам АИТВ инфекциясын жұқтырған.

Дүниежүзілік ЖИТС(жүре пайда болған иммун тапшылығының синдромы)-ке қарсы күрес күні жыл сайын 1-ші желтоқсанда атап өтіледі. Үрдіске Жетісу өңірі де қосылып, 2023 жылдың 20-шы қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында онкүндік
Жетісу облысы

Жетісу облысында кене энцефалитіне қарсы күрес шаралары өтуде

Жетісу облысының Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан, аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары кене энцефалитінен эндемиялық аймақтарға жатады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Жетісу облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *