Медицина

Тұмаудан қалай қорғануға болады: маман кеңесі

Тұмауауа-тамшылы жолмен таралатын тыныс жолдарының қабынуымен сипатталатын жұқпалы  втрустық ауру. Сырқаттанудеңгейікүзгі-қысқымаусымдықкезеңде жоғарылайды. Тұмау вирусы бүкіләлемдекездеседі, эпидемия таратады. Және де жас талғамайды, яғни  кез келген жастағы адамдарға жұғады. Вирусқа жоғары жұқпалылық және вируленттілік (ағзаны жұқтыруға қажет вирустық бөлшектердің аз мөлшері) қасиеттер тән.

Тұмаудың белгілері:

Тұмау негізінен жоғарғы тыныс жолдарын, тамақты, бронхтарды және өкпені зақымдайтын вирустық инфекция. Әдетте сырқат 1 апта шамасында  созылады.  Оның негізгі белгілері: кенеттен дене қызуының көтерілуі, бастың ауруы, бұлшық еттегі ауру сезімі, қатты әлсіреу, жөтел, тамақтың ауруы және ринит. Көп жағдайда жұқпаны жұқтырғандар бір-екі аптада арнайы емдеусіз, өздігінен сауығып кетеді. Бірақта, балаларға, жүкті әйелдерге, қарт адамдарға және созылмалы аурулары бар адамдарға тұмау өте қауіпті, ол негізгі аурулардың  асқынуымен қатар, өкпенің қабынуы мен өлімге алып келуі мүмкін.

Тұмау қалай тарайды?

Вирус адамнан адамға ауа-тамшылы жолмен жөтелу немесе түшкіру кезінде, ал кейбір кезде сөйлеу барысында майда бөлшектердің  науқас адамнан шығуы  арқылы жеңіл тарайды. Сонымен, қатар  вирус тұрмыстық заттар арқылы таралуы мүмкін, мысалы, сау адам науқас адам ұстаған беткейлерді ұстап, артынша қолымен бетін ұстаған кезде. Тыныс алу жолдарының шырышты қабатына түскен вирус өзінің көбеюуін бастайды.

«Жетісу облысы бойынша 2024-2025жж. ЖРВИ-ң 114 538жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіші 17424,59. Былтырғы эпидкезеңмен салыстырғанда сырқаттанушылық 1,3 есеге төмендеген. Жалпы тұмау жұқпасының зертханалық жолмен дәлелденген 223жағдайы тіркелді, оның ішінде А (А (H1N1) 09-pdm – 76, А (H3N2) – 6, В — 141. Тіркелген 223тұмаудың ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 167 (74,8%), жүкті әйелдер – 1 (0,4%)»,дейді Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары Индира Кунбасова.

Тұмаудан қалай қорғануға болады?

  1. Егерде Сіз (сіздің балаңыз) тұмау вирусымен кездесіп, ал сіздің қанынызда қорғаныш антиденелер болмаса, онда сіз тұмауға шалдағасыз. Антиденелер екі жағдайдың біреуінде пайда болады: сіз тұмаумен ауырып, жазылғанда  немесе вакцинация алғаннан кейін.  Тұмаудың бірнеше түрі айналымда болғандықтан, бір кезеңде тұмаумен бірнеше рет сырқаттану қаупі бар. Қолданыстағы вакциналар тұмаудың барлық түрлерінен қорғайды. Вакцинаның құрамы жыл сайын өзгеріп тұрады. Тұмауға қарсы барлық тұрғындар егілгені абзал, дегенмен бірінші кезекте келесі тұлғалардың егілуі қажет: 6 айдан 3 жасқа дейінгі балалар, жиі ауыратын балалар, 65 жастан жоғары адамдар, созылмалы аурулары бар адамдар (астма, диабет,тыныс алу және жүрек қан –тамыр жүйелерінің аурулары), иммундыжетіспеушіліктері барлар, жүктіліктің 2-3 триместріндегі әйелдер.
  2. Адам аз болған сайын ауруға шалдығу қаупі де азаяды, сондықтан адамдар көп жиналған жабық орындарға мүмкіндігінше бармаған абзал.
  3. Бетперде. Сау адамдар бар жерде науқас адам мүмкіндігінше бетперде кигені дұрыс, бетперде вирусты толығымен ұстай алмайды, бірақта  вирусы көп түкірік тамшыларын ұстап қалады.
  4. Науқас адамның қолы ауыз бен мұрыннан кем емес вирус көзі болып табылады. Қолыңызды жиі, көп жуыңыз, өзіңізбен залалсыздандыру әсері бар гигиеналық салфеткалар алып жүріңіз.
  5. Өзіңізді үйретіңіз және балаларды үйретіңіз, егерде қол орамал болмаса, алақанға емес, шынтаққа түшкіріп, жөтеліңіз.
  6. Бөлмелерді жиі желдетіңіз.
  7. Толыққанды тамақтану, ұйқы және белсенді өмір сүру салты тұмау мен ЖРВИ-ға шалдығу мүмкіндігін төмендетінін есте сақтаған жөн!

Егерде Сіз тұмауға шалдығып қалсағыз, басқа адамдармен барынша қарым-қатынасты шектеңіз және дәрігерді тез арада үйге шақырыңыз!

Shares:

Related Posts

Қоғам

Жетісу облысында қызылшамен ауырған тұрғындардың 85 пайызы екпе алмаған

Облыста бұл дертке қатысты тұрақсыз жағдайға қарамастан, екпеден бас тартушылардың саны жыл санап артып келеді. 2020 жылы 285 тұрғын ауруға қарсы екпе салдырмаса, биыл 10 айда бұл көрсеткіш 496-ға жеткен.
Жаңалықтар

Реттеудің жаңа тетігі дәрілік заттардың бағасын төмендетуге мүмкіндік береді

Қазақстанда ТМККК, МӘМС шеңберінде ем алатынпациенттерді қамтамасыз ету үшін және дәріханалардың бөлшек сауда желісінде сатылатын препараттардың шекті құнын төмендетуді көздейтін дәрілік заттардың бағасын реттеудің жаңа тетігі жұмыс істейтін болады, деп
Медицина

Нитраттар туралы не білуіңіз керек?

Жазда біздің мәзірімізде көкөністер мен жемістер көбірек болады және бұл жақсы нәрсе. Алайда, көкөністер мен жемістер кейде жасырын қауіп төндіруі мүмкін. Осы орайда нитраттардың көкөністер мен жемістерде жинақталу мәселесі өзекті.
Жетісу облысы

Күзде адам папилломавирусына қарсы вакцинация басталады

2024 жылы адам папилломавирусына қарсы вакцина Ұлттық вакцинация күнтізбесіне енгізілді. Бұл аурудан қорғаудың тиімді әдісі. Екпені Жетісу облысындағы 11-14 жасар 6000-ға жуық қыз балаға егу жоспарлануда. Шара осы жылдың күзінде
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *