ЖаңалықтарЖетісу облысы

Биапа театры 50 жылдық мерейтойын атап өтпек

Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театы 50 жылдық мерейтойын тойламақ. Осы уақыт ішінде өнер ошағы Қазақстанның мәдени мұрасының маңызды бөлігіне айналып, ұлттық театрдың дамуына елеулі үлес қосты. Мерейтойлық уақыт оның тарихындағы маңызды кезеңді айқындап, шығармашылық ұжымның жетістіктері мен сахналық шеберлік дәстүрлерінің жалғасын көрсетеді.

Осы атаулы күнге орай бірқатар маңызды шаралар жоспарланған:

• III Халықаралық BIKEN FEST театр фестивалі;
• Театр ардагерлерінің мерейтойлық апталығы;
• Көрнекті өнер қайраткерлерін марапаттау;
• Қызылордада өтетін I Халықаралық «Сырдың Сәбирасы» театр фестиваліне қатысу, бұл шара Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық драма театрының 90 жылдығына арналады.

Мерейтойлық жылдың басты оқиғаларының бірі – театрдың Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне академиялық мәртебе беру туралы өтініш жасауы. Бұл қадам театрдың жоғары деңгейін растап, оның дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.

Сонымен қатар, театр көрермендеріне бірнеше жаңа қойылым әзірлеуде. Олардың қатарында Ержан Қаулановтың қоюымен «Беу, қыздар-ай» комедиясы, сондай-ақ, Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» пьесасын қайта жаңғыртып, сахналау жоспарланып отыр.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр

Алматы облысында АИТВ инфекциясын емдеу бойынша үлкен жетістіктерге қол жеткізілді.   Бұл туралы «Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының» мамандары өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз
Жетісу облысы

100-ден аса аударым жасағандарға айыппұл салынады ма?

Жетісу облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің камералдық мониторинг бөлімінің басшысы Ринат Жамаубаев әлеуметтік желіде таралған резонанстық сұраққа нақты жауап берді. Жеке шоттарға әр түрлі тұлғадан 100 және одан да көп мобильді
Жаңалықтар

Новогоднее чудо для детей: Подарки и радость в центре «Жансая»

Сегодня в преддверии Нового года для маленьких посетителей Реабилитационного центра «Жансая» Департамент полиции области Жетісу под руководством капитана патрульной полиции  Саята Тулегенова вручил новогодние презенты. В этот день ребятишек центра
Жетісу облысы

«NAZ-I» премьералық қойылымы Талдықорған қаласында

Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары мен қала қонақтары, Алматы қаласының «JOL» театры Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрына гастрольдік сапармен келеді. Сіздерді сәуір айының 17-сі күні Мар Байджиевтің «Махаббат жағалауы» пьесасының негізінде
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *