ЖаңалықтарЖетісу облысы

Жетісу облысында 328 мың қорап заңсыз темекі өнімдері анықталды

Жетісу облысында салық органдары заңсыз темекі өнімдерінің айналымын анықтау бойынша тұрақты түрде тексерулер жүргізуде. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 591 мың қорап таңбалаусыз темекі тәркіленді. Ал 2025 жылдың басынан бері тағы 328 мың қорап заңсыз өнім анықталды. Бұл деректер мәселенің өзектілігін көрсетеді, алайда оны шешу мақсатында белсенді жұмыс жүргізілуде.

Цифрлық таңбалау процесі өндіруші немесе импорттаушының әрбір қорапқа Data Matrix бірегей кодын енгізуін, тауарды жүйеге тіркеуді және 2D-сканерлер немесе Naqty Sauda қосымшасы арқылы сату кезінде бақылауды қамтиды. Бұл контрафактілік өнімдердің нарыққа шығуын болдырмауға және жеткізу тізбегінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Таңбалау ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдар қарастырылған:

— Жеке тұлғаларға – 50 АЕК,
— Шағын бизнеске – 150 АЕК,
— Орта бизнеске – 200 АЕК,
— Ірі бизнеске – 500 АЕК, тауарды тәркілеу және лицензиядан айыру мүмкіндігімен.

Егер таңбалауды өндірушілер немесе импорттаушылар қолданбаса, айыппұл мөлшері 500 АЕК-ке дейін, өнімді тәркілеумен бірге қарастырылады.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Сан алуан ұлт өкілдері бірліктің үлгісін көрсетті

Ынтымағы мен ырысы жарасқан Текелі қаласында тұратын сан алуан ұлт өкілдері республикалық референдумға белсенділікпен қатысып, «Болашақ үшін дауыс береміз!» деп ұран тастады. Қазақ, орыс, неміс, татар, өзбек, кәріс ұлтының өкілдері
Жаңалықтар

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Жетісулықтардың жеңіс тарихы» атты жинағы жарық көрмек

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай облыс әкімінің қолдауымен, Жетісу облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Жетісулықтардың жеңіс тарихы» атты жинақ дайындалуда. Кітаптың 1000 данадан аса нұсқасын шығару жоспарлануда. Бұл
Жетісу облысы

Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері, Жетісу тумасы Мәулен Мамыров дауыс берді

Жетісу облысының ғана емес, елдің атын шығарып жүрген ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, еркін күрестен Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері Мәулен Мамыров бүгінгі тарихи сәтке куә болып, дауыс берушілердің қатарынан табылды.
Жаңалықтар

БАҚ үшін әлеуметтік жоба: Жетісу журналистері үшін жаңа перспективалар

Жетісу облысында Бейсен Құранбек атындағы журналистер мектебін құру бойынша әлеуметтік жоба іске асырылды. Жоба журналистердің, баспасөз қызметі қызметкерлерінің және студенттердің кәсіби дағдыларын арттыруға, сондай-ақ БАҚ, азаматтық қоғам және мемлекеттік органдар
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *