ЖаңалықтарЖетісу облысы

Текелідегі құтқару: тұрғынның қырағылығы мен полицейлердің жедел әрекеті жас жігіттің өмірін сақтап қалды

31 наурыз күні Текелі қаласында жергілікті тұрғынның қырағылығы мен полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттері 22 жастағы Тимур Абдулиннің өмірін сақтап қалуға көмектесті. Ес-түссіз жатқан жігіт қаладағы кешендердің бірінің жертөлесінен табылған.

Кешкі уақытта үйіне қайтып келе жатқан қала тұрғыны «Жетісу Резорт» кешенінің маңында танысы Тимурдың көлігін байқап қалады. Онымен амандаспақ болып ішке кіргенде, оны таба алмайды. Телефон соққанымен, жауап ала алмайды. Алаңдаған ер адам іздеу жұмыстарын бастап, жертөлеге түседі. Сол жерде Тимурдың телефонын, кілтін және киімдерін көріп, әрі қарай өтіп, оны бояу қалдықтары бар кеңістіктің ішінде ес-түссіз жатқан жерінен табады.

Уақытты босқа өткізбей, ер адам көшеге жүгіріп шығып, өтіп бара жатқан патрульдік полиция көлігін байқап, көмекке шақырады. Көмекке бірден капитан Азамат Қазыбаев пен Елдар Амангельдин, және аға лейтенант Жанатбек Ахметов келген. Полицейлер жедел әрекет етіп, зардап шеккен азаматты сыртқа шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Кейін оқиға орнына жедел жәрдем келіп, жас жігітті дәрігерлерге табыстаған. Қалалық аурухананың анестезиолог-реаниматологының айтуынша, полиция қызметкерлерінің уақтылы әрекет етуі жас жігіттің өмірін сақтап қалуда шешуші рөл атқарған.

Айта кетейік, полиция капитаны Азамат Қазыбаев бұған дейін де батылдық танытқан. 2011 жылы ол Жапония мен Оңтүстік Корея делегациясын тасымалдаған автобусты «Ақ-Бұлақ» кешеніне қарай алып бара жатқан. Алматы – Көкпек – Көктал тасжолының 13-шақырымында қарсы бағытқа «Subaru Impreza» автокөлігі шығып кетіп, автобусқа соғылу қаупі туындаған. Сол кезде капитан Қазыбаев өз патрульдік көлігімен жолды жауып, соққыны өзіне қабылдап, үлкен апаттың алдын алған. Осы ерлігі үшін ол Мемлекет басшысының жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Жетісу облысының Полиция департаменті бей-жай қарамай, азаматты құтқаруға көмектескен тұрғынға алғыс білдіреді және төтенше жағдайларда жедел әрекет етудің маңыздылығын еске салады.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Жаңа маусым, жаңа премьера

Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры көрерменмен қайта қауышты. Өнер ұжымы кезекті 49-шы маусымның шымылдығын Сәбит Әбдіхалықовтың «Көке» қойылымымен ашты. Шығарма жас режиссер Рамазан Үсеннің қолтаңбасымен заманауи үлгіде, комедиялық жанрда
Жетісу облысы

Жетісу облысында Коммуналдық қызметтерге тарифтер қалай өзгерді?

Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасын іске асыруды жалғастыруға байланысты 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап тарифтердің бағасы өзгерді. Мәселен, «Талдықорғанжылусервис» МКК-ның кәсіпорын бойынша орташа тарифі 12 891,88 теңге/Гкал ҚҚС есебіне жетті. «ТАТЭК»
Жетісу облысы

Жетісу облысындағы жеке тұлғалардың банкроттығы. Жағдай қалай?

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Жетісу облысындағы жеке тұлғалардың банкроттығына байланысты баспасөз-мәслихаты ұйымдастырылды. Тура бір жыл бұрын наурыз айынан бастап, бүгінге дейін облыста 3 800-ден астам өтініш келіп түскен. Алайда
Жетісу облысы

Жетісу облысында ақпан айынан бастап мектеп асханаларын тексеру басталды

2024 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Бас прокуратурасының тапсырмасы бойынша санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтер талаптарының сақталуына мектеп асханалары мен буфеттерін тексеру басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *