Жаңалықтар

Алматы облысында былтыр 1,2 тонна заңсыз ауланған балық тәркіленді

Уылдырық шашу мерзімі басталғандықтан, су маржандарын аулауға тыйым салынады.Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Ринат Маратұлы мәлімдеді.

Климаттық өзгерістерге байланысты су айдындарындағы балық аулау мерзімі әр түрлі. Атап айтар болсақ:

  • Шарын өзенінің сағасынан Іле өзенінің жоғарғы ағысы — 25 наурыздан 5 шілдеге дейін;
  • Қапшағай СЭС бөгетiнен  Іле өзенінің төменгі ағысы — 5 сәуірден 5 маусымға дейін;
  • Іле өзенінің барлық атырауы — 15 сәуірден 1 маусымға дейін;
  • Балқаш көліне құятын сағалар мен өзендер -15 сәуірден 1 маусымға дейін.

Алдағы уақытта, Қапшағай су қоймасы мен оған құятын өзендерде — 5 сәуірден 20 мамырға дейін балық аулауға рұқсат етілмейді.  Ал, 15 сәуір мен 1 маусым аралығында Балқаш көлінің батыс бөлігінде, Алакөл шығанағының оңтүстік шетінен Ұзынарал түбегіне балықшыларға баруға болмайды. Дәл осындай шектеулер 25 сәуір мен 10 маусымға дейін Балқаш көлінің шығыс бөлігінде, Ұзынарал түбегінен Аягөз өзенінің сағасы аумағында сақталуы мүмкін. Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдерінде 10 сәуір -1 маусым аралығында балық аулауға тиым салынбақ.

«Уылдырық шашу науқаны кезінде кез келген балық аулау құралдары мен катерлер, моторлы қайықтар сынды жүзу құралдарымен су айдындарына шығуға болмайды»,-дейді Ринат Кумашев.

Уылдырық шашу мерзімінде заң бұзған тұлға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383 бабының 1 тармақшасына сәйкес, 10 – 40 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл арқалап, балық аулаға қажетті құралдары тәркiленеді. Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық Кодексінің 335-бабының 3-бөлігінде көзделгендей, 20-60 АЕК  мөлшерінде айыппұл салынып, немесе  3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектетеледі.

 

Еске саламыз, өткен жылы табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 124 фактісі анықталды. Нәтижесінде уылдырық шашу кезінде заңсыз айналымнан 1,2 тонна заңсыз ауланған балық тәркіленді. 116 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Алматы облысында жаңа инновациялық мектеп ашылды

2024 жылғы 6 қарашада Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылдық округіне қарасты Өрікті ауылында 1500 орынға арналған жекеменшік «ALTYN ADAM» инновациялық мектебі ашылды. Бұл білім ордасы заман талабына сай, жаңа
Жаңалықтар

«Жаңа ғасыр» театры Жетісу төрінде!

Алматы қаласы әкімдігінің «Жаңа ғасыр» театры 25-28 ақпан аралығында Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында өнерсүйер қауымға арналған гастрольдік іссапарын өткізеді. Бұл туралы Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында
Жаңалықтар

Жетісуда ана мен бала денсаулығын жақсарту басты назарда

Жетісу облысында ана мен бала денсаулығын жақсарту мақсатында 2025 жылы облыстық перинаталдық орталықта ұрықты қорғау орталығы бөлімшесінде бір күндік клиника ашып, ұрық хромосомаларына инвазивті пренаталдық диагностика, генетикалық зерттеу жүргізуді бастау
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *