Жаңалықтар

Алматы облысында 23 мыңнан астам ауыл баласы тегін үйірмеге барады

 Ұрпақтың ұлы істермен айналысуы жеткіншек шақтағы қағидалардан басталады.  Білім алған баланың бос уақытын тиімді пайдалануы аса маңызды.  Елімізде сол үшінде қосымша білім беру ұйымдары құрылған. Мақсат- баланың шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін шыңдау, қоғам өміріне бейімдеу, азаматтық сананы, жалпы мәдениетті, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Алматы облысында 31 мемлекеттік қосымша білім беру ұйымы бар.  Онда 30 мыңнан астам оқушы қосымша үйірмелерге қатысады.  Бұның ішінде ауыл балаларының саны басым. 23 772 ауыл баласы тегін үйірмеде қарым-қабілетін шыңдауда.

Облыста оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында қосымша білім беру мекемелерінде 1047 үйірме бар. Онда ,музыкалық аспапты меңгеруге ниетті балалар үшін  қыл қобыз, прима қобыз, сырнай, саз сырнай, жетіген, шертер, баян, аккордеон, гитара, скрипка, фортепиано, үрлемелі және ұрмалы аспаптар, флейта, саксафон үйрететін  сыныптардың есігі айқара ашық.

Әуелетін ән салғанды жаны қалайтындарға дәстүрлі ән, вокал, эстрадалық вокал, хордан сабақ алуға болады.

Қолөнерге бейім балаларға бейнелеу, ағаш ою, дизайн, тігін, мүсін үйірмесі, сәндік қолданбалы өнерін әрі қарай дамытуға мүмкіндік бар.

Робототехникаға құмартқан қағілездер су, әуе көлігі мен зымыран құрастыруды үйрене алады.

Болашағын киелі сахнамен байланыстыратындарға  театр өнері, актерлық шеберліктен дәріс оқылады.  Сондай-ақ, спорттық балдық би, ұлттық би, әлем халықтар биі, заманауи би, шығыс биін үйрететін  үйірме бар.

 Жалпы білім беру мектептерінде дебаттық қозғалыспен, өзін-өзі басқару ұйымдарында 31010 оқушы ілім алса, облыстағы  4054 спорт секциясында 157 741 бала  физикалық дайындығын жақсартуда.

Сонымен қатар, спорт мектептерінде 23959 оқушы қамтылған.  «Жас Сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының 422 әскери-патриоттық клубтары мен патриоттық сыныптарында даярлыққа баратын бала саны – 17428 .

Облыстық білім басқармасы ұсынған дерекке көз жүгіртсек,  2022 жылы балалардың қосымша білім алу деңгейі 75,5 пайыз болса, 2023 жыл бұл көрсеткіш 85 пайызға жеткен.  Ал, биыл мектеп қабырғасындағы оқушылардың 89,3 %-ы үйірмеге барады. Жыл соңына дейін балаларды қосымша біліммен қамту деңгейін  90 пайызға жеткізу көзделген.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Жетісу облысында метапневмовирус тіркелген жоқ

Қазіргі уақытта елімізде және бүкіл әлемде ЖРВИ-нің маусымдық өсуі байқалады. Бүгінгі таңда вирустардың ең көп таралған түрлері – риновирус, респираторлық синцитиальды вирус, аденовирус, коронавирус, тұмау және парагрипп, метапневмовирус. Елімізде орын
Жаңалықтар

Кеген ауданында 30 отбасы жаңа баспанаға ие болды

Кеген ауданында 30 отбасыға көптен күткен тұрғын үйдің кілттері табысталды. Жаңа баспаналар көп балалы отбасылар, бюджеттік сала қызметкерлері, 1-2 топтағы мүгедектер және жалғыз басты аналар сияқты әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға
Жаңалықтар

Алматы облысында пайдаланылмайтын ауылшаруашылық жерлері мемлекеттік меншікке қайтарылуда

Алматы облысында 2024 жылдың басынан бастап пайдаланылмайтын ауылшаруашылық жерлерін мемлекеттік меншікке қайтару бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Алматы облысының Жер қатынастары басқармасының мәліметінше, 393,1 мың гектар пайдаланылмайтын жер анықталған, олар 1322
Жаңалықтар

Алматы облысында Қытай үлгісіндегі шыны көпір салынады

Алматы облысының табиғаты ерекше «Қара шатқал» аймағында елде баламасы жоқ бірегей нысан — шыны көпір салынбақ. 80 метр биіктікте, 170 метр ұзындықпен керілген бұл көпір туристерге ерекше әсер сыйлап, аймақтың
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *