Жетісу облысыҚұқық

Жетісу облысында 47 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді

ҚР Ішкі істер министрлігі 2025 жылды құқық бұзушылықтың алдын алу жылы деп жариялады. Бұл бастама қоғамдағы қылмыс деңгейін төмендету және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынды. Осы тұста облыста атқарылып жатқан жұмыстар туралы полиция полковнигі Қайсар Мұхметов ақпаратпен бөлісті.

Жетісу облысында жыл басынан бері 47 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Олардың басым бөлігі – жол қозғалысы ережелерін бұзу. Атап айтсақ, 1600-ден астамы жылдамдықты асыру, 2900-ге жуығы көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу, 1300-ден астамы жүргізушілердің көлік басқару кезінде телефон қолдануы, 3700-ге жуығы жаяу жүргіншілердің жол ережелерін сақтамауынан болған жағдайлар.

Сонымен қатар, 142 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу – басым бағыттардың бірі. Жыл басынан бері 29 адам жол апатынан қаза тауып, 314 азамат түрлі жарақат алған.

Жыл басынан бері 763 құқық бұзушыға қорғау нұсқамасы қойылды, 128 адамға ерекше талап орнатылды. 86 азаматқа алкогольдік ішімдікті тұтынуға тыйым салынды.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын күшейтіп, қоғаммен бірлескен жұмыстарды жалғастыруда. Олардың пікірінше, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы ғана қылмыс деңгейін төмендетуге болады.

Shares:

Related Posts

News

СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

Жаркент қаласындағы №317 сайлау учаскесіне дауыс беру үшін таңмен таласып сайлаушылар ағылып келуде. Тұрғындар референдумға үлкен белсеніділікпен қатысуда. Осы дауыс бері учаскесіне тіркелген Социалистік Еңбек Ері Күләш Айтжанова да бүгінгі
News

Сарқан ауданының Екіаша ауылында Мұқағали Мақатаев дауыс берді

Республикалық референдум күні қазақтың ақиық ақыны Мұқағалимен аттас Екіаша ауылдық мәдениет үйінің қызметкері Мұқағали Мақатаев №356 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді. «Референдумда халық болып бірлесе шешім қабылдаймыз. Мен бұл маңызды
Жетісу облысы

15 қыркүйекте бастап тұмауға қарсы вакцина салынады

Елімізде  жылда күз келгенде жіті респираторлық-вирустық инфекция мен тұмау өршиді. 2023-2024 жылғы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ-дың 259 111 жағдайы тіркелген, оның ішінде зертханалық жолмен анықталған тұмау жұқпасының 129 жағдайы анықталды. Осыған
Жетісу облысы

Ұтыс сертификаттары табысталды

Үшарал қаласы, №45 дауыс беру учаскесінде 500-інші болып Эльмира Қажығалиева дауыс берді. Эльмира Қажығалиеваға 500-інші болып дауыс бергені үшін ұтыс ойындарын ұйымдастырып, «Zhohan’s sushi&pizza» кафесінен «Big mama» сетіне арнайы сертификат
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *