Жаңалықтар

Жақында «Алатау лигасының» жаңа маусымы басталады

2025 жылдың 15 сәуірінде Алматы облысындағы бұқаралық спортты дамытуға арналған жоба – «Алатау лигасының» алғашқы іріктеу кезеңі өтеді. Бұл туралы Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

Аймақтағы спорт деңгейін көтеру – тұрғындар мен жастардың қолында. Осы орайда ұйымдастырушылар «Алатау лигасы» жастардың рухын көтеріп, олардың спорттық жетістіктерге жетуіне жол ашады деген сенімде. Сондықтан тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануы арқылы аймақтың спорттық деңгейін арттыруға ықпал ететін бұл ауқымды жоба өңірдегі маңызды шаралардың біріне айналды.

Алматы облыстық спорт басқармасының басшысы Айбол Тінәліұлы Құлбаев былтырғы маусымды ұйымдастыру барысында бірқатар олқылықтардың болғанын жасырмады. Дегенмен, олардың шешу жолдары қарастырылып, нақты жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Алатау лигасы» – кәсіби спортшыларға емес, 14 жастан 35 жасқа дейінгі кез келген азаматқа арналған. Бұл ауқымды жоба Қазақстан бойынша тек біздің облыста ғана жүзеге асырылып жатыр. Сондықтан басты мақсатымыз – қарапайым халықты спорттың әр түріне бейімдеу арқылы салауатты өмір салтын насихаттау. Бұқаралық спортты дамыта отырып, еліміздің атын әлемдік аренада танытатын мықты спортшыларды тәрбиелеп шығару, – деді Айбол Тінәліұлы.

Сонымен қатар, ол «Алатау лигасының» 2025 жылғы маусымына жаңа спорт түрі – үстел теннисі қосылғанын айтты. Ережеге сәйкес, әр командада негізгі құрамда 2 ойыншы болуы тиіс: 1 ер адам және 1 әйел адам. Ал қосалқы тізімге тағы 3 адамды (2 ер және 1 әйел) қосуға болады.

Айта кетейік, 2024 жылы бастау алған «Алатау лигасы» – Алматы облысындағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған негізгі бастамалардың бірі. Лига футбол, волейбол және баскетбол сияқты спорт түрлерін қамтиды.

Еске салсақ, өткен маусымда лига аясында Алматы облысы бойынша әр ауылдық округте 140 спорт командасы құрылған. Нәтижесінде 318 команда дайындалды. Өңір тұрғындарының спортты белсенді қолға алуының нәтижесінде спортпен айналысатын халықтың үлесі 39%-дан 41,4%-ға артты.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Қапшағай жағалауында жас суретшілер байқауы өтті

Ашық аспан астында жас қылқалам шеберлері бас қосты.   Қапшағай көлі жағалауында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Жасыл елім - жанға сая» атты сурет байқауы өтті. Шараға Қонаевтағы «Asyl» өнер мектебінің
Жаңалықтар

Тіркелмеген мопедтерді жүргізуші куәлігінсіз пайдалану және басқару тыйым салынады

2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер механикалық көлік құралдарына теңестірілетін заңнамалық өзгерістер күшіне енеді. Аталған күннен бастап мопедтерді пайдалану тек оларды полицияда тіркеуден өткізіп, А1, А немесе В санатындағы жүргізуші
Жаңалықтар

МӘМС: Алматы облысында 28 мыңға жуық ота жасалды

Алматы облысында биыл МӘМС жүйесі арқылы 27 700-ден астам ота жасалды. Жоғары технологиялық бұл операциялардың басым бөлігі кардиохирургия, нейрохирургия және ЛОР бағытында.Бұл туралы ӘМСҚ Алматы облыстық филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *