Жаңалықтар

Алматы облысында «Жайлы мектеп» жобасы қарқын алуда

Алматы облысында оқушыларға қолайлы әрі заманауи білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.

Облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында мәлім болғандай, қазіргі таңда өңірдің 5 ауданында жалпы саны 24 900 оқушыға арналған 26 жаңа мектептің құрылысы басталған. Бұл – еліміздің білім беру инфрақұрылымын жаңартудағы маңызды қадамдардың бірі.

2024 жылы Алматы облысында 11 100 орындық 9 жаңа мектеп іске қосылып, облыстық білім басқармасының теңгеріміне берілген болатын. Жаңа мектептердің ашылуының арқасында үш ауысымда білім беретін мектептер саны 53-тен 32-ге дейін қысқарған.

— Жаңа оқу орындары заманауи стандарттарға сай жабдықталған. Әрбір мектепте физика, химия, биология кабинеттері, компьютерлік сыныптар, STEM-зертханалар мен робототехника кабинеттері қарастырылған. Сонымен қатар, TOUCH/LED экрандар, заманауи компьютерлер мен интерактивті құрылғылар орнатылған. Оқу және тәрбие іс-шаралары үшін акт залы, медиатека мен электронды кітапхана да қолданысқа берілген. Мектептердің инфрақұрылымы да назардан тыс қалмай, жаңа автобус маршруттары мен аялдамалар салынды, — деді Алматы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мұхамедғаріп Ниязұлы.

Жаңа мектептерде бүгінде 10 921 оқушы білім алуда. Сонымен қатар, 812 мұғалім мен 394 техникалық қызметкер жұмысқа қабылданған.

«Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының мәліметінше, 2025 жылдың соңына дейін тағы 17 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.

«Жайлы мектеп» жобасы – оқушылардың сапалы білім алуы мен ұстаздардың тиімді еңбек етуі үшін жасалып жатқан маңызды бастама.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Алматы облысында жазғы лагерьлерге талап күшейтілді

2025 жылы жазғы маусымда лагерьлерге қойылатын санитариялық талаптар мен бақылау шаралары күшейтілді. Ондағы мақсат балалардың денсаулығы мен қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету. Бұл туралы Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен
Жаңалықтар

Жетісуда қант қызылшасының егіс көлемі 1,5 мың гектарға қысқарады

Биыл Жетісу облысында қант қызылшасының егіс алаңы 12,2 мың гектарды алып отыр. Екі қант зауытының өндірістік қуаттылығына байланысты егіс көлемі 1,5 мың гектарға қысқартылмақ. Осы көлемде егілген дақылдан шамамен 550
Жаңалықтар

Талдықорғандағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Өркен» білім грантын тағайындауға үміткерлер арасында конкурс жариялағанын хабарлады

Жетісу облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Қайсар Нұрбек конкурс, оқу процесінің ерекшеліктері және мектепте білім алудың артықшылықтары туралы толық ақпарат берді. Баспасөз-мәслихаты
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *