Жаңалықтар

Алматы облысында жазғы лагерьлерге талап күшейтілді

2025 жылы жазғы маусымда лагерьлерге қойылатын санитариялық талаптар мен бақылау шаралары күшейтілді. Ондағы мақсат балалардың денсаулығы мен қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету. Бұл туралы Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз маслихатында белгілі болды.

Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Марат Әділжанұлының айтуынша, жазғы маусымда балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету басты назарға алынды.

«Жазғы лагерьлерді ұйымдастырудың негізгі мақсаты – балалардың денсаулығын нығайтып, олардың демалысын пайдалы әрі қауіпсіз ету. Ол үшін дезинфекция, кене мен зиянкестерден тазарту, ауа мен судың сапасын зерттеу жұмыстары қолға алынды. Сондай-ақ, 2025-2026 жылдарға арналған Жазғы сауықтыру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол картасы әзірленді. Бұл құжат ведомствоаралық өзара іс-қимылды үйлестіріп, лагерьлер жұмысын жүйелі бақылауға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Марат Әділжанұлы.

Айта кетейік, 2025 жылдың 1 маусымнан бастап облыстың 6 аумағында орналасқан 28 сауықтыру лагері 5 мыңнан астам баланы қабылдауға дайын. Бірақ алдымен санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды құжатын алуға міндеттелді.

Еске салсақ, 2024 жылдын жазғы маусымында облыста 25 лагерь жұмыс істеп, онда 31 мыңнан астам бала демалды. 23 мыңға жуық бала сауықтыру шараларымен қамтылды.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Жетісу облысында су басу қаупі бар 47 елді мекен анықталды

Бүгінгі таңда облыс аумағында су тасқыны жағдайы тұрақты. «Қазгидромет» алдын ала болжамына сәйкес, су басу қаупі жоғары аймақтарға Алакөл, Ескелді, Кербұлақ және Көксу аудандары жатқызылған. 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне
Жаңалықтар

Раннее обнаружение рака спасает жизнь

55-летняя жительница города Конаев смотря телевизор у себя дома, провела само обследование молочных желез, которому обучилась в ЦЛП городской многопрофильной больницы города Конаев по курсу «Әйелдер сұлулығы». Она уже знала,
Жаңалықтар

Қаратал ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы талқыланды

2024 жылдың 11 айында ауданда 3 млрд. 900 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 69%-ға жетті. Инвестициялар көлемі – 18 млрд. 24 млн. теңге, бұл жылдық жоспардың 99%-ын
Жаңалықтар

Табиғатқа инвестиция: Есік көлін жаңарту жобасы іске қосылады

Алматы облысы аумағындағы «Есік көлін» жаңарту мақсатында, 2024 жылдың 20 желтоқсанында мемлекеттік тендер өткізіліп нәтижесі бойынша 49 жыл мерзімге «Хабель» ЖШС компаниясына сенімгерлік басқаруға берілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *